ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру

Емдеушілерге акпарат

Құрметті тұрғындар мен Қостанай қаласының қонақтары!
 
2017 жылы 31 мамыр күні Балалардың Шығармашылық мектебі ғимаратында (бұрыңғы Пионерлер үйінде) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (мүгедектерге) арналған «Ашық есік күні» өткізіледі.
Акция Қостанай облыстық прокуратураның бастамасымен, басқада мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін болады.
Акция аясында Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен заңнаманы түсіндіру бойынша «Қоғамдық қабылдау» үшін «Бос жұмыс орыны» жәрмеңкесі ұйымдастырылатын болады.
Мүгедектердің құқығын сақтау, соның ішінде келесі сұрақтар бойынша кеңес алуға ниет білдіруші барлық тұлғаларды шақырамыз:
  • мүгедектер тобын бекіту, ұзарту және өзгерту;
  • компенсаторлық техникалық құралдар (есту аппараттары, арбалар, жасанды мүшелер және т.б.) қамтамасыз ету және айырбастау;
  •  жұмысқа орналастыру, оқыту, қайта оқыту;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілеген көлемі жөнінде түсінік
  • оңтайландыру (медициналық, әлеуметтік, еңбек жолымен);
  • бизнес ашу, бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік;
  • салық салынатын жеңілдіктер бойынша кеңес:
  • сот шешімінің орындалуы, алиментті өндіру;
  • халықты құжаттау, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы;
  • еңбек қатынастары, еңбек және жеңілдік жағдайлары;
  • жергілікті атқарушы органдардың тарапынан көрсетілетін жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек;
  • жеңілдікті тұрғын үйді беру сұрақтары;
  • басқада сұрақтар
 
Басқада қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефондарға қоңырау шалыңыз:
 
  • Қостанай облыстық прокуратура    54-94-95,                       54-57-34;
  • Қостанай қалалық прокуратура       54-92-79,                       53-01-03;
  • Электронды пошта
7142156@prokuror.kz