ЕМХАНА ТУРАЛЫ

Сапа саласындағы саясат «Қостанай қаласының №1 емханасы» КМК

Миссиясы: Халықаралық стандарттарға сай, инновациялык технологияларды енгізуге және қызметкерлердін жоғары кәсіптігіне негізделген сапалы, қол жетерлік алғашкы медициналық санитарлық көмек көрсету арқылы халықтың денсаулығын сактау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Пайымдауы: «Қостанай қаласының №1 емханасы» КМК - емделушілер мен қызметкерлер алдында әлеуметтік жауапкершілікті айкын түсінетін, жаңа медициналық, басқару технологияларды енгізу мен құрастыру саласында алдынғы қатарда болатын серпінді дамып келе жаткан мекеме.

Біздің қызмет дүниежүзілік медициналық ғылым мен тәжірибенің озық жетістіктерімен, корпоративтик мәдениет пен этикасымен байланыстырып, қазакстандық денсаулық сақтаудағы үздік дәстүрлерді сақтауға негізделген.

Біздің құндылықтар:
  • Қайырымдылъқ пен адамгершілік;
  • Сапалылық пен қауіпсіздік;
  • Кәсіптік;
  • Жоғары жол жетімділік.

Емхананың басшылығы сапа саласындағы осы саясат шеңберінде мына максаттарды алға кояды:
  • Халыкаралық стандарттың негізінде мемлекеттің, қоғамның мүдделері мен сүрау салуларына сай келетін көрсетіп отырған медициналык көмекті үздіксіз жетілдіру.
  • Медициналық қызметкерлердің мамандығының жоғары қағидаларын, емделушінің мүддесін, этикалық нормалар мен құндылыктарды сақтау.
  • Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, әр жұмыскердің қабілетін мүмкіндігінше жүзеге асыруға жайлы жағдай жасау, инновацияларды колдау және оларға ынталандыру .
  • «Бір командада жұмыс істеу» қағидасы бойынша эр қызметкердің белсенді қатысуымен барлык деңгейде жоспарлаған жұмысты мол жауапкершілікпен сапалы түрде орындаумен емхана жұмысының жоғары нәтижелілігіне жету.
  • Қоғаммен, қамтамасыз етушілермен, барлық мүдделі тарап-серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты үйымдастыру.

Емхана басшылығы кәсіптік пен сенімділік негізінде сапа саласындағы мақсаттарды толық және уақытылы қамтамасыз ету үшін емделушілердің мүдделеріне және үміттеріне, заңнамалық және нормативтік талаптарға сай болуға өзіне міндеттемеалады.

Біздің ұранымыз:   мінсіз сапалылыққа және қауіпсіздікке кепіл бола алатын, емделушіге бағытталған, дәлелге негізделген медицина!









Халық назарына!
 
        Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру - бұл барлық мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Құрметті облыс тұрғындары!
          Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен 2021 жылғы 01 маусымға дейін облыстық көрсетілетін қызметті беруші органдар көрсететін автоматтандырылған қызметтер, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарламалар алу үрдісінде ескертулер жинау бойынша «Оңай қызмет» науқаны өткізіледі (egov.kz).
Электрондық қызметті алу үрдісін фотофиксациялай отырып және Сіз тап болған қиындықтарды сипаттай отырып, хабарламаларыңызды Onay_qyzmet Telegram (https:/t.me/onay_qyzmet) арнасына жолдай аласыз.
Барлық материалдар жинақталып, орталық мемлекеттік органдарға ескертулерді жою және порталды техникалық жағынан қарастыру үшін жолданатын болады.
Тек қызметалушы ғана қызмет көрсету сапасына толық объективті баға бере алады және жұмыстың бар кемшіліктерін анықтай алады.
 
Белсенді болыңыз,
Сіздің қатысуыңыз біз үшін өте маңызды!
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бірге арттырайық!




1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР 1414 АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.

Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
 

 

Пайдалы ақпарат

Жүктілік және қызылша
Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама
«Әйелдер денсаулығы – ұлт денсаулығының кепілі» акциясын өткізеді.
График работы стоматологического кабинета
Ақылы қызметтер тізімі
Қостанай облысы бойынша 29.03.2019 жылдың Созылмалы вирустық В және С гепатитімен ауыратын науқастардың күту тізімі
Дене шынықтыру үзілісін жүргізу
Құрметті емделушілер!
Дәрілік препараттардың қауіпсіздігін мониторингілеу
Психикалық денсаулықты нығайтуға арналған кеңестер
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (мүгедектерге) арналған «Ашық есік күні» өткізіледі
Құрметті тұрғындар мен Қостанай қаласының қонақтары!   2017 жылы 31 мамыр күні Балалардың Шығармашылық мектебі ғимаратында (бұрыңғы Пионерлер үйінде) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (мүгедектерге) арналған «Ашық есік күні» өткізіледі. Акция Қостанай облыстық прокуратураның бастамасымен, басқада мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін болады. Акция аясында Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен заңнаманы түсіндіру бойынша «Қоғамдық қабылдау» үшін «Бос жұмыс орыны» жәрмеңкесі ұйымдастырылатын болады. Мүгедектердің құқығын сақтау, соның ішінде келесі сұрақтар бойынша кеңес алуға ниет білдіруші барлық тұлғаларды шақырамыз: мүгедектер тобын бекіту, ұзарту және өзгерту; компенсаторлық техникалық құралдар (есту аппараттары, арбалар, жасанды мүшелер және т.б.) қамтамасыз ету және айырбастау;  жұмысқа орналастыру, оқыту, қайта оқыту; тегін медициналық көмектің кепілдендірілеген
Этикалық ережелері
Жарақаттану
Қазақстанда 1 қазанда жасөспірімдерді қызылшаға қарсы вакциналау басталады
Емделушілерге қолдау көрсету
Қызылшаға қарсы қосымша иммундау
Қызылша – жіті жұқпалы вирустық ауру. Қызылшаның белгілері – дене қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы да тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін. Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады, кейде өліммен де аяқталуы мүмкін. Ауру тек науқас адамнан ауа-тамшылар арқылы жұғады.  ВАКЦИНАЛАУ – қызылшадан қорғанудың жалғыз жолы КІМДЕР? Ерте алынған екпелерге қарамастан және вакциналауға қарсы көрсетімдері болмаған 15-19 жастағы адамдардың барлығы ҚАШАН? 2015 жылы 1 қазаннан бастап ҚАЛАЙ? Қызылшаға қарсы вакцина иыққа тері астына бір рет егіледі Вакцина дүниежүзілік денсаулық сақтау