ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру

Емхана бөлімшелері

№ 1 емхана – қаладағы ескі емхана. «Қостанай қаласының № 1 емханасы» МКҚК № 1, 2, 3 отбасы дәрігерлік амбулаторияларды қосу жолымен 2001 жылдың тамызында қайта ұйымдастырылды. 

Емхана Қостанай қаласының жасөспірімдер халқының 100 %-на, АООО-ның, ҚМУ студенттеріне; қаланың орталық бөлігінің ересек халқына: Тобыл өзенінен Темір жол вокзалына дейін және Мәуленов, Ю. Журавлева көшелерінен Жеңіс көшесіне дейін, сондай-ақ Қостанай-2 халқына қызмет көрсетеді. 2010 жылдың 1 қаңтарына қызмет көрсетілетін халықтың саны 74000 есе адамды құрады.

Емханада 7 клиникалық және 2 параклиникалық бөлімше қызмет етеді. Кәсіпорынның медициналық құрал-жабдықпен жабдықталуы 85,4 % құрайды. Бүгінгі таңда осында зертханалық, ИФА қоса алғанда; рентгенологиялық, оның ішінде рентгеномаммографиялық; ультрадыбыстық және функционалдық зерттеулер (ЭКГ, электроэнцефало-, реоэнцефало және реовазография, псирография, тәулік бойы мониторлау АД және т.б.) жасалады. Амбулаторлық-емханалық қабылдаулар 21 бейін бойынша емхана жағдайында, 5 мамандық бойынша – үйде жүргізіледі. Емханада және үйде хирургиялық таңулар және емшаралар жасалады. Стационарды алмастыратын технологияларды қолданылып емдеу емхананың күндізгі стационарында және үйдегі стационарларда жүргізіледі. 

Емананың жұмыс тәртібі – сағ. 7.30-дан 18.00-ге дейін аптасына 5 күн. Сенбі күні сағ. 8.30-дан 14.00-ге дейін. Дәрігерді үйге шақырту сағ. 7.30-дан 18.00-ге дейін жұмыс күндері және сағ. 8.30-дан 14.00-ге дейін сенбі күні. Күндізгі стационарда емделу аптасына 6 күн жүзеге асырылады. 

Ересек халықына арналған тіркеу орны ғимараттың 1 қабатында (4 терезе), жасөспірімдерге арналған тіркеу орны (3 терезе) – емхананың 2 қабатында орналасқан. Тіркеу орындары 3 қалалық, 1 – ішкі телефон нөмірлерімен қамтамасыз етілген. Пациенттердің дәрігердің қабылдауына жазылуы өзі жазылу тәртібінде, тіркеу орнына өзі үндеу жасаған кезде және телефон арқылы жүргізіледі. БМСК қол жетімділігін арттыру мақсатында жазылу емхана сайтында он-лайн тәртібінде жүзеге асырылатын болады. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету тәртібі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. 

Жыл бойы емханада 320000 аса дәрігерлік қабылдаулар, оның ішінде 60 000 жуық профилактикалық тексерулер жүзеге асырылады, 6000 аса пациент стационарды алмастыратын технологияларды қолданылып ем алады, 580 000 жуық диагностикалық зерттеулер, оның ішінде 5000 аса рентгеномаммографикалық және туберкулезге 40 000 флюоротексерулер жүргізіледі.

Бірнеше қатар жылдар бойы емхана көрсеткіштері облыстағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау, халық скринингін өткізу, ауруды ерте анықтау бөлігінде. Кәсіпорын екі рет «БМСК – салауатты өмір салты үшін» облыстық конкурстының жеңімпазы болды. 

Кәсіпорын ұжымы - 250 аса қызметкер, оның ішінде 70 дәрігер, 110 орта медициналық қызметкер. Дәрежелі кадрлардың жалпы салмағы – 45%, оның ішінде жоғары біліктілік дәрежесі бар 44 маман - 24%. Соңғы 2 жыл бойы кәсіпорынның қаражаты есебінен емхана қажеттілігіне сәйкес қайта даярлаудан (бастапқы маманданудан) 2-ші және 3-ші дәрігерлік мамандығын алған 12 дәрігер өтті, жыл сайын емхананың 40 аса қызметкерлері жетілдіру курстарын өтеді, бұл біліктілікті арттырудың 6000 сағаты екенін білдіреді.