ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру

Жаналықтар және уақиғалар

"Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК қызметкерлері жарақаттанудың алдын алу үшін «Қазақтелеком» АҚ Қостанай филиалының қызметкерлеріне арналған акция өткізді.
2019 жылы 03 сәуірде "Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК қызметкерлері жарақаттанудың алдын алу үшін «Қазақтелеком» АҚ Қостанай филиалының қызметкерлеріне арналған акция өткізді. Сөз сөйлегендер: 1. «Денсаулық қағидалары» мінез-құлықтық тәуекел факторларының алдын алу» - тақырыбы бойынша алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің психологтары Хакимова В. Б., Кирюшкина А. Д. 2. «Скрининг не туралы баяндайды?"-ПӘПКБ әлеуметтік қызметкері Жолмағамбетова А. И. 3. «Өзіңді жарақаттанудан сақта!» - жедел көмек бөлімшесінің аға фельдшері Оразбаев Р. С. - жарақаттанудың алдын алу қағидаларын, жазатайым кезінде шұғыл көмек көрсетудің практикалық ұсыныстарын айтты.
«Қостанай теміржолы-су» ЖШС қызметкерлері үшін «Жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында акция өткізді
2019 жылы 02 сәуірде «Қостанай қ. №1 емханасы» КМК алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері «Қостанай бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ мен «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығы» КММ  мамандарымен бірге «Қостанай теміржолы-су» ЖШС қызметкерлері үшін «Жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында акция өткізді.Қамтылғаны: 34 адам.
«Аутизм: келіңіз, танысайық"атты акция өткізілді
2019 жылы 02 сәуірде "Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК «Аутизм: келіңіз, танысайық"атты акция өткізілді. Оның шеңберінде учаскелердегі тұрғындармен түсіндірме жұмыстары, дені сау бала бөлмесіндеата-аналармен сабақтар жүргізілді, медициналық қызметкерлер үшін дәрістер оқылды. Осы іс-шаралар аутизм мәселелері туралы ақпарат тарату Күніне  ұйымдастырылды.
Пайдалы тағам-денсаулық пен ұзақ өмірдің құпиясы
2019 жылы 01 сәуірде «Қостанай қ. №1 емханасы»КМК алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің психологы «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы»ММ қызметкерлері мен тәрбиеленушілер үшін «Пайдалы тағам-денсаулық пен ұзақ өмірдің құпиясы» атты семинар-тренинг өткізді. Қамтылғаны:  43  адамдар.  
Қостанай – адалдық алаңы 2019
2019 жылы 19 наурызда "Қостанай қаласының емханаларында медициналыққызметтердіңсапасынарттыру" атты семинар өтті. Семинар "Қостанай – адалдық алаңы 2019" Жобасыніскеасырушеңберінде ұйымдастырылды, бастымиссиясы - Қазақстан азаматтарының өмірсапасынжақсарту.  
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Қостанай облысы бойынша ҚР ДСМ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК Аймақтық Өкілі әрбір жұма сайын сағат 9:30 – 11:00 №434 кабинетте Қазақстандық ұлттық формуляр сайтында презентация өткізеді. Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!
«Денсаулық күні» акциясы
2017 жылы 13 сәуір күні «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша  "Жас Отан" МК мен №1 емхана бірлесіп "Благодарность потомков" - "Ұрпақтар алғысы" атты жоба аясында «Денсаулық күні» акциясы өтті. Медициналық қызметкер Алмазия Исатаевна  Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін медициналық тексеруден өткізді, (артериялық қан қысымын, қан құрамындағы қант пен холестеринді) тексерді.
«Мен инсульттан боспын» атты акция
2017 жылы 13 сәуір күні «А.С.Пушкин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы» КММ  қызметкерлер мен қатысушыларға арналған «Мен инсульттан боспын» атты акция өтті. Скрининг кабинетінің мамандарымен антропометриялық өлшеу, артериялық қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы холестерин мен қант деңгейін өлшеу, көздің қан қысымын өлшеу жүргізілді.
Ашық есік күнін өткізеді
«Жатыр мойнының рагы туралы жыл сайынғы хабарлау апталығы» аясында 2017 жылы 28 қаңтар күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін «Қостанай қаласының №1 емханасы» КМК Ашық есік күні өткізіледі. Күн бағдарламасында: - Акушер- гинекологтың қабылдауы (№238 каб) - Семинарлар- тренингтер (№434 каб);    - Әйелдерді қарайтын кабинет (№107 каб).                                                                     
Ашық есік күнін өткізеді