ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру

Жаналықтар және уақиғалар

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының
"Қостанай қаласының № 1 емханасы" КМК
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
аналитикалық анықтама
30.04.2021 жыл                                                                             Қостанай қ.
 
ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" №12 бұйрығына сәйкес және басшының 05.01.2021 жылғы №59-П бұйрығымен тағайындалған жұмыс тобының мүшелері - №2 ОДО меңгерушісі Л. Н.Ермолина;  кадрлар бөлімінің бастығы Ж. Т. Қасенова; бас мейірбике Р. К. Абдиева; пациенттерді қолдау қызметінің маманы Шакирова А.У. 2021 жылғы 01.01.-25.04. аралығындағы кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі мына  бағыттар бойынша талдау жүргізді.
Кәсіпорын өз қызметінде ҚР Конституциясын, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексін, ҚР Кәсіпкерлік кодексін, ҚР Еңбек кодексін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңын, ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысын, "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларын" және басқа да актілерді басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бағыттары:
Бірінші бағыт "Қызметкерлерді басқару"бойынша:
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесінде көзделмеген құжаттардың талаптарында көрінетін бұзушылықтар;
2) Мамандар сертификатының болмауы немесе қолданылу мерзімінің аяқталуы;
3) Мамандардың біліктілігін арттырудан өту мерзімдерінің аяқталуы.
01.05.2021 жылғы жағдай бойынша қызметкерлердің штат бірлігі (негізгі қызметкерлер және қоса атқаратын қызметкерлер) 543,5 бірлік  құрады, нақты саны - 442 адам.
Ағымдағы жылдың 4 айында еңбек шарты 17 қызметкерлермен қызметкерлердің өз бастамалары бойынша қысқартылды. Сондай-ақ, көрсетілген кезеңде 22 қызметкер  жұмысқа қабылданды.
Талданып отырған кезеңде жұмыс берушінің бастамасымен жұмыскерлермен еңбек шарттарын тоқтату фактілері орын алды - 1 қызметкер жұмыстан босатылды. Барлық қызметкерлер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Қызметкерлер белгіленген мерзімде кадрларды қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.
Талданып отырған кезеңде 2 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке  тартылды.  Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қылмыстық іс-әрекеттер жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері тіркелген жоқ.
Қызметкерлердің жеке істерін іріктеп тексеру кезінде жақын туыстары, жұбайлары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымға орналасу фактілері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Екінші бағыт "Мүдделер қақтығысы» бойынша:
Мүдделер қақтығысы түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын фактілер анықталған жоқ. Осы тәуекелді талдау туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы адамдардан басшының атына хабарлама жоқ екенін көрсетеді. Сондай-ақ, мүдделер қақтығысының пайда болу қаупі жақын туыстардың жұмысы жағдайында болуы мүмкін, бұл жеке мүдделер мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылықтарға әкелуі мүмкін. Талдау көрсеткендей, кәсіпорында басшының жақын туыс қызметкерлері жоқ.
Үшінші бағыт "Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша:
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік қызметтердің бірнеше түрін (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) көрсетеді.
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижелерін беру мерзімдерінің созылуы;
2) Тізбеге кірмейтін құжаттаманың талабы;
3) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы жалған Парақ беру;
4) Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде пациенттің болу мерзімдерін негізсіз ұзарту;
5) Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтаманы негізсіз беру;
6) Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өткені және жұмысқа және оқуға жіберілгені туралы анықтаманы негізсіз беру;
7) Тізбеге кірмейтін қосымша зерттеп-қараудан өту талабы;
8) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарының бұзылуы болып табылады.
Мерзімдерді орындау, мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері, құжаттарды ресімдеу бойынша ескертулер жоқ. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдану бойынша өтініштер болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талап етілетін құжаттардың тәртібі, мерзімдері мен тізбесі сақталады. Талданған кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы, оның ішінде:
1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру -573;
2. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру -5074;
3. Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру -5059;
4. Жедел медициналық көмек көрсету -2759;
5."Емдеуге жатқызу бюросы" порталы арқылы ТМККК шеңберінде пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама берілді -739;
6. Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру -115;
7. Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту -505;
8. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу -1262;
9. Дәрігердің қабылдауына жазылу -128283;
10. Дәрігерді үйге шақыру -8591 құрайды.
Төртінші бағыт "Рұқсат беру функцияларын іске асыру"бойынша:
"Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының" Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК Жарғыға сәйкес Денсаулық сақтау саласында медициналық көмек және қызметтер көрсетеді және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес рұқсат беру функцияларын іске асыруға ие емес.
Бесінші бағыт "Бақылау функцияларын іске асыру"бойынша:
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 1 емханасы" КМК бақылау функцияларын іске асырмайды.
Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін Заңнаманы бұзу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) Әлеуетті өнім берушілер шеңберін шектеу;
2) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу және сатып алу үшін бөлінетін ақша қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарын бұзу;
3) Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу шарттарын бұзу;
4) Бәсекелестік қағидаттарын бұзу болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу заңда көзделген тәсілдермен бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде көбінесе баға ұсыныстарын сұрату, ашық конкурс, аукцион сияқты бәсекелестік тәсілдер пайдаланылады. "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асыру тәсілін таңдау, ол мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетіледі. Мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы"ҚР Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу қағидатына сәйкес жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу ҚР Үкіметінің 30.10.2009 жылғы № 1729 қаулысымен көзделген қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Сатып алу бәсекелестік тәсілдермен: баға ұсыныстарын сұрату, тендер арқылы жүзеге асырылады.
Хабарландырулар емхананың интернет-ресурсында "ТМККК шеңберіндегі сатып алу"бөлімінде орналастырылады. Сатып алу қорытындылары бойынша хаттамалар қалыптастырылады, олар да емхананың интернет-ресурсында көрсетілген бөлімде орналастырылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану мәніне, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын өндіріп алу мәніне сотқа уақтылы жүгінуден көрінетін сот практикасы бар. Тиісінше, аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін іске асыру анықталған жоқ.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) Өтініштерге жауап беру мерзімдерін бұзу;
2) Негізделген жүгіну кезінде басқару шешімдерінің болмауы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында талданып отырған кезеңде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау процесін бұзу фактілері анықталған жоқ. Қызметтік тергеулер толық көлемде жасалынады, өтініштерге уақтылы жауаптар беріледі.
Қорытындылар:
Ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және НҚА қолдану барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ. НҚА уақтылы жаңартылады және емхананың жергілікті желісінде өзектендіріледі, жаңа НҚА және оларға өзгерістер енгізу туралы мәліметтер қызметкерлердің назарына жеткізіледі.
Емхананың интернет-ресурсында " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты орналастырылған.
Азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефоны туралы ақпарат сайтта, стендте және ресми БАҚ-та орналастырылады.
Емхананың көпшілікке қолжетімді орындарында орналасқан өтініштер жәшігі тұрақты негізде жұмыс істейді.
Емхана сайтында "Бас дәрігердің блогы","Сауалнама жүргізу", "Пікірлер» бөлімдері қызмет істейді.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс фактілерін жасауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
№2 ОДО меңгерушісі - Ермолина Л. Н.             ___________________ 
Кадр бөлімінің бастығы Ж. Т. Қасенова            ___________________
Бас мейірбике Абдиева Р. К.                                   ___________________
Пациенттерді қолдау қызметінің маманы А. У. Шакирова ___________