ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру

Жаналықтар және уақиғалар

2015 жылы 09 қыркүйек күні «Ұлттық Отбасы күні» кең ауқымды акция шеңберінде алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің психологы Е.С.Забудской «Қостанай қ. №5 мектебі» ММ дөңгелек үстелге шақыртылды. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Денісау отбасы – бақытты отбасы!».Е.С.Забудской репродуктивті денсаулықты сақтау туралы сұрақты түсіндірді. Қостанай қ. №5 мектептің 10-11 сыныптың оқушылары осы тақырыпқа қызығушылық танытып, сәйкес келетін сұрақтарды қойды. Оқушылар талқылау барысында белсенді ат салысты. Соңында әрбір адам өмірінде отбасы мен мектептің маңыздылығы жайлы, балада сүйіспеншілік сезімі мен ата-анасын сыйлай білуге, өз отбасы үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу қажеттілігі туралы, рухани – өнегелі қасиет, балалардың дүниетанымын, олардың отбасындағы құндылықтарға зерделі көзқарастары мен сақтық қарым-қатынастарын қалыптастыру туралы ортақ пікірке келді.