ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу Дәрігерді үйге шақыру
Сіздер үшін үздік болуға ұмтыламыз!
№1 ЕМХАНАСЫ
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық
сақтау басқармасы Қостанай қаласының
CALL-CENTER
392727
Онда кері байланысқа тапсырыс беріңіз

СЕНIM ТЕЛЕФОНЫ - 394006

Тіркеу орны (диагнос. бөлім.) - 390470
Үлкендер - 548656,
Балалар - 543086,
Костанай 2 - 742010
Меню


Асқынған ішек ауруларының алдын алу.

Асқынған ішек инфекциялары – ол көбірек немесе азырақ ұқсас белгілері бар аурулардың үлкен тобы, бірақ бактериялар, вирустар, қарапайым микроағзалардың көптеген қоздырғыш бөлігін туындатуы мүмкін.

Жаз уақытында балаларда ішек инфекцияларының өсуі әбден мүмкін. Олардың себептері бірнеше.

 Біріншіден, жазда микробтар, сонын ішінде аса қауіпті микробтардың көптеген бөлігі мекендеген шикі көкөніс, жеміс-жидектердің сыртқы қабаты жуылмаған, шикі қалпында қабылдауы.

Екіншіден, жазда балалар көп уақытын далада өткізеді және олардың ата-аналарының тамақты таза қолмен жеу– міндетті ережелерді үнемі естеріне алмауы.

Үшінші себеп: жазда (сүт, ет, балық, сорпа тағамдары) тез азады, кейбір ауру тудыратын микроағзалар үлкен жылдамдықпен көбейіп және ішек-қарын жолдары арқылы қорғаныс қабатына жеңіл енетін деңгейге дейін шапшаң өседі.

Ішек – қарын жолдарына қоздырқыштарды нығайту кезінен бастап аурудың басталуы бірнеше сағаттан 7 күнге дейін өтуі мумкін.

Ауру дене қызуы көтерілу, әлсіздік, солғын тартудан басталады. Тәбеті жедел төмендейді, тез арада жүрек айну құсу пайда болады. Нәж сұйық, жиі араласқан. Сұйықтықты жоғалтудың соңы жабын қабаты мен терінің құрғауына әкеп соғады, бала салмағын жоғалтып, кіші дәретке аз отырады. Бет алпеті қайғылы. Егер сіздің балаңызда жоғарыда аталған аурудың белгілері байқалса – тез арада дәрігер шақыртыңыз.

Өздігінен емделуге болмайды.

Ішек инфекцияларының алдын алу тұрмыста, тамақты дайындау және тамақтану кезінде жалпы гигиеналық шараларды бұлжытпай сақтауды талап етеді.

Жаз уақытында барлық азық-түлікті масадан сақтап, бетін жабу қажет. Дайын тағам тоңазытқышта сақталуы тиіс, төмен температурада болмасын микробтар тағамға түскен жағдайда да олар көбеймейді. Санитарлық бақылаудан өтпеген нарықтан тыс, қолдан термикалық өңдеусіз тағамды пайдалану, азық-түліктерді сатып алу кезінде ас талғамаушылық ауруға әкеп соқтыруы мүмкін. Ашық су қоймаларында суға шомылу кезінде суды жұтуға болмайды. Егер жағажайда тамақтанатын болсаңыз арнайы дымқыл салфеткалармен қолыңызды сүртіңіз.

 Есте сақтаңыз, ата-ананың жеке басты мысалдары – баланы оқытып-үйретудің ең жақсы амалы.

 

Асқынған ішек ауруларының алдын алу 

 

Ауруды болдырмау үшін білу және қарапайым ережелерді сақтау қажет:

- сауда жасауға арналмаған орындардан, жолда (қөлік жолдарынан), сауда жасау құқығына рұқсаты жоқ орындардан азық-түлік алмаңыз;

- бүлінген белгілері бар сапасы стандартқа сай емес жемістерді сатып алмаңыз;

- азық-түлікті көп алмаңыз, мүмкіндігіңізше тоңазылқышта да ұзақ ештеңені сақтамаңыз;

- көкөніс, жеміс-жидекті мұқият жуыңыз! Әсіресе жермен байланыста болғандар, мысалы, құлпынай, салат;

- ауыз су ретінде бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

- (сүт, ашытылған сүт, ет, шұжық, балық) секілді тез азатын тағамдарды сақтау барысында пайдалану мерзімі мен температура тәртібін сақтаңыз;

- торсықтағы сүтті пайдаланыңыз, жеке тұлғадан сатып алған сүтті қайнатқаннан кейін пайдаланыңыз;

- масалар асқынған ішек ауруларын таратушы болып табылуына байланысты олармен күресіңіз;

- егер отбасының бір мүшесі науқастанып үйде болған жағдайда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз: науқасқа арнап жеке ыдыс пен төсек орын бөлінуі керек; оларды пайдаланғаннан кейін 15 минут аралығында қайнату қажет. Жинау үшін жалпы пайдаланылатын орында дезинфициялаушы зат қолданылады;

- қала сыртына серуендеуге, саяжайға барарда тез азатын тағамдарды алмаңыз, көкөністер мен жемістерді өзіңізбен жуылған қалпында алған дұрыс. Бұлақтан немесе басқада ашық су қоймаларынан су ішуге болмайды. Дұрысы, бірнеше бөтелкеге құйылған минералды су алған дұрыс;

Ата-ананың жеке басты мысалдары – баланы оқытып-үйретудің ең жақсы амалы.

 

Осы қарапайым кеңестерді орындау асқынған ішек инфекциялары ауруынан құтылуға көмектеседі және Сіздің және Сіздің жақындарыңыздың денсаулығын сақтайды!



Артқа
АҒЫМДАҒЫ САУАЛНАМА
Қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толы ма?
Ия
Онша емес
Жоқ
Дауыс беру
Нәтижелері


Маған қайта қоңырау соғыңыз
Қостанай қаласының №1 емханасына тіркелінген болсаңыздар, емханада қабылдауыңызға денсаулық жағдайыңыз келмесе, Сізге дәрігерді үйге біздің сайт арқылы мына нысанды толтырып шақыруыңызға болады: Тек қана жұмыс уақытын белгілеңіздер!
Жіберу
Дәрігерді үйге шақырту
Қостанай қаласының №1 емханасына тіркелінген болсаңыздар, емханада қабылдауыңызға денсаулық жағдайыңыз келмесе, Сізге дәрігерді үйге біздің сайт арқылы мына нысанды толтырып шақыруыңызға болады: Тек қана жұмыс уақытын белгілеңіздер!
Жіберу
Дәріқағазға тапсырыс
«Рецептке тапсырыс беру» қызметі Қостанай қаласының №1 емханасына тіркелінген, диспансерлік тіркеуде тұрған, учаскелік дәрігердің тұрақты бақылуында болсаңыз, қолданыстағы заңнамалыққа сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттарды тегін алуға мемлекет беретін кепілдіктің пайдаланушысы болсаңыз – онда Сізге дәрігердің немесе мейірбикенің қабылдауын күтпей, «Рецептке тапсырыс беру» қызметін қолданып, емделуді біздің сайтымызда, он-лайн тәртіптемесінде жалғастыруға болады, ол үшін оң жақтағы кнопканы басып, бірнеше сұрақтарға жауап беруге тиістісіз. Сіздің берілген мәліметтеріңіз расталған жағдайда рецепт жазылып, 1 күн ішінде емхананың екінші қабатында орналасқан дәріханаға жіберіледі. Бұрын жазылып берген және емделушіде бар препараттар саны 1 апта ішінде немесе одан да бұрын аяқталуға жақын жағдайда рецепт жазылуы мен берілуі емделушінің өзіне жеке куәлігі көрсетілгенде беріледі.
Жіберу
Информация