Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Емдеушілерге акпарат

Қызылша – жіті жұқпалы вирустық ауру. Қызылшаның белгілері – дене қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы да тән.

Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.

Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады, кейде өліммен де аяқталуы мүмкін. Ауру тек науқас адамнан ауа-тамшылар арқылы жұғады. 

ВАКЦИНАЛАУ қызылшадан қорғанудың жалғыз жолы

КІМДЕР?

Ерте алынған екпелерге қарамастан және вакциналауға қарсы көрсетімдері болмаған 15-19 жастағы адамдардың барлығы

ҚАШАН?

2015 жылы 1 қазаннан бастап

ҚАЛАЙ?

Қызылшаға қарсы вакцина иыққа тері астына бір рет егіледі

Вакцина дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, тиімді және қауіпті емес

ҚАЙДА?

«Қостанай қаласының №1 емханасы» КМК, мектептердегі, колледждердегі, лицейлердегі, жоғары оқу орындарындағы егу пунктінде егу жүргізіледі. Вакциналау туралы қосымша ақпаратты емханаңызда немесе Қостанай облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде және Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында мына сенім телефоны арқылы 39-40-06 www.poliklinika1.kz білулеріңізге болады.

 

ВАКЦИНАЛАУ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ!

ҚЫЗЫЛШАДАН ЕГУДІ ЖАСАҢЫЗ, БҰЛ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ!