А гепатитінің белгілері мен симптомдары
А гепатитін жұқтырғаннан кейін белгілері қашан пайда болады?
Орта есеппен алғанда аурудың алғашқы белгілері 35 күннен кейін пайда болады (А гепатитінің инкубациялық кезеңі 15 күннен 50 күнге дейінгі мерзімді құрайды).
Қандай белгілері бойынша А гепатитіне күдіктенуге болады?
Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, дене ыстығы көтерілсе, зәріңіз әдеттегідей емес, қарайып кетсе (зәр түсі қайнатылған қою шайға айналса, және қатты көбіктенсе), онда А гепатитіне күдіктенуге болады. Дәрігерге жолығыңыз!
А гепатитінің типтік белгілері қандай?
Қалтыраудың диспепсия белгілерімен (жүректің айнуы, кейде құсу, асқазан мен оң қабырға астының ауруы, әлсіздік, бірнеше күннен кейін зәр қараюы, нәжістің түссізденуі, көз ішінің, бүкіл дене терісінің сарғаюы) болуы мүмкін. Соңынан сары ауру пайда болады, оның пайда болуымен науқас адамның денсаулығы жақсара түседі
Тағы қандай аурулар пайда болады?
Әр түрлі текті барлық асқынған гепатиттер
Дәрігер А гепатиті диагнозын қалай қояды?
А гепатиті диагнозын қою үшін эпидемиологиялық анамнезін анықтау керек:
соңғы айдың ішінде адам қай жерде болғанын, нені жегенін, қандай суды ішкенін, сары аурумен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болғанын және т.б.
Содан кейін дәрігер күндізгі жарықта науқасты мұқият қарап, мыналарды анықтайды:
* белгелерін (жалпы жайын, адамның сезінуін).
*Диспепсияны (ас қорытудың бұзылуын).
*Қалтыраудың болуын (дене ыстығын, терлеуін, тоңып дірілдеуін).
*Дененің (көз ішінің, тілінің, терісінің) сарғаюын.
Дәрігер әр түрлі органдар мен жүйелердің жағжайларын жалпы қолданыстағы әдістемелер бойынша бағалайды. Ішті қол ұшымен зерттегенде бауырдың ұлғайғанын анықтауға болады. Зәр мен нәжістің түсін белгілейді.
Содан кейін анализдердің нәтижелерін (қанның жалпы, биохимиялық анализін, вирустық гепатит маркерлеріне, коагулограмманы, зәрдің жалпы анализін) тексереді.
Бауыр сынамаларының анық түрде өзгерген аясында А гепатитіне антидене байқалғанда (anti - HAV IgM) диагноз күдік туғызбайды.