Асқынған ішек инфекциялары – ол көбірек немесе азырақ ұқсас белгілері бар аурулардың үлкен тобы, бірақ бактериялар, вирустар, қарапайым микроағзалардың көптеген қоздырғыш бөлігін туындатуы мүмкін.
Жаз уақытында балаларда ішек инфекцияларының өсуі әбден мүмкін. Олардың себептері бірнеше.
Біріншіден, жазда микробтар, сонын ішінде аса қауіпті микробтардың көптеген бөлігі мекендеген шикі көкөніс, жеміс-жидектердің сыртқы қабаты жуылмаған, шикі қалпында қабылдауы.
Екіншіден, жазда балалар көп уақытын далада өткізеді және олардың ата-аналарының тамақты таза қолмен жеу– міндетті ережелерді үнемі естеріне алмауы.
Үшінші себеп: жазда (сүт, ет, балық, сорпа тағамдары) тез азады, кейбір ауру тудыратын микроағзалар үлкен жылдамдықпен көбейіп және ішек-қарын жолдары арқылы қорғаныс қабатына жеңіл енетін деңгейге дейін шапшаң өседі.
Ішек – қарын жолдарына қоздырқыштарды нығайту кезінен бастап аурудың басталуы бірнеше сағаттан 7 күнге дейін өтуі мумкін.
Ауру дене қызуы көтерілу, әлсіздік, солғын тартудан басталады. Тәбеті жедел төмендейді, тез арада жүрек айну құсу пайда болады. Нәж сұйық, жиі араласқан. Сұйықтықты жоғалтудың соңы жабын қабаты мен терінің құрғауына әкеп соғады, бала салмағын жоғалтып, кіші дәретке аз отырады. Бет алпеті қайғылы. Егер сіздің балаңызда жоғарыда аталған аурудың белгілері байқалса – тез арада дәрігер шақыртыңыз.
Өздігінен емделуге болмайды.
Ішек инфекцияларының алдын алу тұрмыста, тамақты дайындау және тамақтану кезінде жалпы гигиеналық шараларды бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Жаз уақытында барлық азық-түлікті масадан сақтап, бетін жабу қажет. Дайын тағам тоңазытқышта сақталуы тиіс, төмен температурада болмасын микробтар тағамға түскен жағдайда да олар көбеймейді. Санитарлық бақылаудан өтпеген нарықтан тыс, қолдан термикалық өңдеусіз тағамды пайдалану, азық-түліктерді сатып алу кезінде ас талғамаушылық ауруға әкеп соқтыруы мүмкін. Ашық су қоймаларында суға шомылу кезінде суды жұтуға болмайды. Егер жағажайда тамақтанатын болсаңыз арнайы дымқыл салфеткалармен қолыңызды сүртіңіз.
Есте сақтаңыз, ата-ананың жеке басты мысалдары – баланы оқытып-үйретудің ең жақсы амалы.
Асқынған ішек ауруларының алдын алу
Ауруды болдырмау үшін білу және қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- сауда жасауға арналмаған орындардан, жолда (қөлік жолдарынан), сауда жасау құқығына рұқсаты жоқ орындардан азық-түлік алмаңыз;
- бүлінген белгілері бар сапасы стандартқа сай емес жемістерді сатып алмаңыз;
- азық-түлікті көп алмаңыз, мүмкіндігіңізше тоңазылқышта да ұзақ ештеңені сақтамаңыз;
- көкөніс, жеміс-жидекті мұқият жуыңыз! Әсіресе жермен байланыста болғандар, мысалы, құлпынай, салат;
- ауыз су ретінде бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;
- (сүт, ашытылған сүт, ет, шұжық, балық) секілді тез азатын тағамдарды сақтау барысында пайдалану мерзімі мен температура тәртібін сақтаңыз;
- торсықтағы сүтті пайдаланыңыз, жеке тұлғадан сатып алған сүтті қайнатқаннан кейін пайдаланыңыз;
- масалар асқынған ішек ауруларын таратушы болып табылуына байланысты олармен күресіңіз;
- егер отбасының бір мүшесі науқастанып үйде болған жағдайда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз: науқасқа арнап жеке ыдыс пен төсек орын бөлінуі керек; оларды пайдаланғаннан кейін 15 минут аралығында қайнату қажет. Жинау үшін жалпы пайдаланылатын орында дезинфициялаушы зат қолданылады;
- қала сыртына серуендеуге, саяжайға барарда тез азатын тағамдарды алмаңыз, көкөністер мен жемістерді өзіңізбен жуылған қалпында алған дұрыс. Бұлақтан немесе басқада ашық су қоймаларынан су ішуге болмайды. Дұрысы, бірнеше бөтелкеге құйылған минералды су алған дұрыс;
Ата-ананың жеке басты мысалдары – баланы оқытып-үйретудің ең жақсы амалы.
Осы қарапайым кеңестерді орындау асқынған ішек инфекциялары ауруынан құтылуға көмектеседі және Сіздің және Сіздің жақындарыңыздың денсаулығын сақтайды!