ІС-ӘРЕКЕТ БАҒДАРЖОЛЫ
ЕМХАНА
ЕМХАНАНЫҢ ТІРКЕУ ОРНЫНА ӨТІНІШ БІЛДІРУ
ЕМХАНАНЫҢ КАССАСЫНА ТӨЛЕМ ЖҮРГІЗУ
№ 0-83 НЫСАНЫНЫҢ БЛАНКІСІН АЛУ
(емхананың медициналық тексеру кабинеті)
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ
АУРУХАНАСЫ
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ
ДИСПАНСЕРІ
Тестілеуден өткен жағдайда |
Тестілеуден өтпей қалған жағдайда |
Облыстық психиатриялық ауруханасы
(қостанай қ., Амангелді көш., 134 үй, диспансерлік бөлімше)
Жұмыс күні сағат 09-00 бастап сағат 14-00 дейін,
сенбі күні сағат 09-00 бастап сағат 12-00 дейін.
Демалыс күні: жексенбі.
1. «Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер тұлғаларға медициналық тексеріс жүргізу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне қайталама медициналық тексеріс жүргізу ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 20 сәуірдегі № 166 бұйрыққа сәйкесқажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат
- мекенжай анықтамасы (ХҚКО)
- әскери билет (әскери тіркелуге жатпайтын және шыққан тұлғаларды қоспағанда), көлік құралын басқаруға және рұқсат беру туралы медициналық анықтама (083-Е нысаны).
2. Жүргізу орны: Қостанай қ., Амангелді көшесі, 134 үй, ҚОПА ММ диспансерлік бөлімшесі
3. Уақыты: 900 - 1400 күнделікті (жексенбі демалыс күні), сенбі 900 - 1200
4. Тексеріп-қарау бөлімшенің тіркеу орнында алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
5. Медициналық комиссия төменде көрсетілетін аудандарда дәрігер-психиатрлардың жоқ болуына байланысты Қостанай қ. және Қостанай облысының 4 ауданының (Науырзым, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров) азаматтары үшін жүргізіледі
6. Уақыт шығыны: 1 адамға 20 минуттан артық емес («Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер тұлғаларға медициналық тексеріс жүргізу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне қайталама медициналық тексеріс жүргізу ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 20 сәуірдегі № 166 бұйрықтың 3-тармағы 25-тармақшасы)
7. Дәрігер-психиатрдың психологиялық тестілеумен медициналық тексеріп-қарау жүргізуі мына мамандардың қатысуымен өтеді:
- дәрігер-психиатр
- медициналық психолог
- медициналық тіркеуші
8. Қазіргі таңда медициналық тексеріп-қарау психиатриялық ауруханада тегін жүргізіледі.
9. Үміткерде психикалық ауытқуларға күман пайда болған кезде дәрігер-психиатр психиатриялық ұйымдарға қосымша медициналық тексеріс тағайындайды.
Облыстық наркологиялық диспансер
(Қостанай қ., О. Шипин көш., 153/3 үй)
Жұмыс күні сағат 08-00 сағат 18-00 дейін,
сенбі күні сағат 09-00 бастап сағат 14-00 дейін үзіліссіз.
Демалыс күні: жексенбі
Наркологиялық диспансерден анықтама алу кезінде 083/е нысанда дәрігер-психиатрдың қорытындысы болуы керек.
1. Үміткер көлік құралдарын басқаруға, механикалық көлік құралдарын жүргізуге құқығын алуға (бұдан әрі - Үміткер) қайталама медициналық тексерістен өтуге диспансердің тіркеу орнына өтініш білдіреді.
2.Медициналық тіркеуші келесі құжаттарды қабылдайды:
1)жеке куәлік немесе төлқұжат (16 жасқа толмаған тұлғаларға туу туралы куәлік);
2) көлік құралын басқаруға және рұқсат беру туралы медициналық анықтама (083-Е нысаны, оны жүргізуші комиссиясы өтетін, МСАК ұйымдарынан алу қажет).
3.Медициналық тіркеуші Үміткерді дәрігер-наркологтың қабылдауына жолдайды.
4.Дәрігер-нарколог, ұсынылған құжаттар топтамасын қарап шығып, Үміткердің мәліметтерін «Диспансерлік науқастарды электронды тіркеу» Ақпараттық жүйесінен тексереді.
5.Дәрігер-нарколог психикалық белсенді заттарды пайдалану затына, медициналық тексеріп-қарау және билолгиялық ортасына зерттеу (несеп) жүргізеді. Несеп наркологиялық диспансердің медициналық қызметкерінің көзінше алынады.
6.Үміткер көрсетілген медициналық қызмет үшін кассаға сомасы 1870 теңге төлейді.
7.Дәрігер-нарколог жүргізілген медициналық тексеріп-қараудың, «Диспансерлік науқастарды электронды тіркеу» Ақпараттық жүйесінің және белсенді заттарды пайдалану затына билолгиялық ортасына зерттеу (несеп) жүргізу негізінде, Үміткердің көлік құралын басқаруға жарамдығы, қарсы көрсетімдерінің бар немесе жоқ болуы туралы қорытынды шығарады. 8. 8.Үміткердің қолына дәрігер-наркологтың қолы қойылған және жеке мөрі басылған көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама (083/е нысаны) шығарылған шешіммен бірге беріледі.