Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Емдеушілерге акпарат

Қатерлі ісік аруының ішінде әйелдерде кездесетін сүт безінің залалды ісігі соңғы кезде жиілеп кетті. Әсіресе АҚШ-та, Канадада және Европа елдерінде айтарлықтай көп кездесуде. Мысалы Америкада, сүт бездерінің қатерлі ісігімен әйелдердің 70 пайызы ауырады.    

Адам организмінде сүт безі мен әйелдердің жыныс органдары нерв жүйесі мен қандары гармондар арқылы байланысады.

Осы байланыс туралы мынадай мысал келтіруге болады: кейде қатты ашуланғанда әйелдердің етеккірі тоқтап, немесе емізіп жүрген аналардың сүті келмей қалады.   Бұл науқастың көбеюі бір жағынан диагностиканың жақсарғаны болса, екінші жағынан аборттың көбеюінен, балаларды аз туғанан, жас сәбиін бір жасқа дейін емізбегеннен және жыныс органдарының функциясының өзгеруімен тікелей байланысты.
Мұның бәрі әйелдердің жыныс органдарының ауыруына, гармоналдық тепе-теңдіктің өзгеруіне, әсіресе ұрық арқылы шығатын эстроген гармонының көбеюіне және емшекте әртүрлі қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеп соғады. Бұл гармондардың мол мөлшерде ұзақ уақыт бойы қанмен араласып жүруі ісік алдында болатын аурулардың алдында болатын аурулардың асқынуына ықпал етеді де, ол сүт бездерінің қатерлі ісігіне ұласады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, майды және қантты көп пайдаланатын әйелдерде сүт безі рагы жиі кездесетіні байқалады.

Бұл организмдегі тепе-теңдіктің бұзылуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып саналады.

Егер әйелдер үш айда майлы ас ішуді қысқартса, организмдегі эстроген гармоны азаяды, сондықтан да сүт бездері қатерлі ісігі айтарлықтай төмендейді екен.

Сүт безінің мастопатиясы 30-45 жастағы әйелдерде жиі кездеседі.

Сүт безі сыздап ауырады, көлемі үлкейеді, тканьдері қатаяды.

Сипалап тексергенде қолға түйіндер байқалады.Сүт бездерінің қатерлі дерттерін алдын-алу жолдары:
-әйелдердің жыныс мүшелері қызметінің бұзылуына жол бермеуі,
-дер кезінде гинеколог мамандарға қаралып отыру,
-бауыр, қалқан бездеріндегі ауруларды емдеп отыру,
-тамақ тәртібін қатаң сақтап отыру,
-әйелдер өз организміндегі етеккірдің келуіне, жыныс қатынасына, босану және баланы емізуге байланысты өзгерістерді біліп отыруы керек.

Осыған байланысты қыздар мүмкіндігінше 25-ке дейін тұрмысқа шығуы керек. Ерлі-зайыпты адамдардың тұрақты жыныс-қатынасы әйел денсаулығына қолайлы жағдай жасайды. Негізінде 30-ға дейін босанған дұрыс. Босанғаннан кейін әртүрлі себептермен баланы емізбеу, әйел организміне тіпті зиян. Мүмкіндігінше 1-1,5 жасқа дейін баланы емізу керек. Осы орайда шариғатта баланы 2 жасқа дейін міндетті түрде емізу керек деп жазуы тегін емес.

30 жастан асқан барлық әйелдердің жылына кемінде 1 немесе 2 рет емханадағы тексеру кабинетінен өтіп тұрғаны дұрыс. Көптеген ғалымдардың пікірінше, сүт безінде кездесетін қатерлі ісіктерді дер кезінде емдеп, олардың кейбір түрлерін химиялық жолмен алып тастауға болады.

Қазіргі уақытта қатерлі ісіктен жазылып шығу, оның емінің қай сатыда басталғанымен тікелей байланысты. Жалпы сүт безі қатерлі ісігі білінбей басталады, ауырмайды және организмнің басқа органдарына тарайды. Егер жасалған ем дер кезінде қолға алынған болса, сүт безі қатерлі ісігімен ауырған адамды толық жазуға болады. Ал науқасы асқынған адамды таза жазып жіберу  сирек кездеседі. Бұдан шығатын қорытынды – ем неғұрлым ерте басталса, соғұрлым  шипалы болады.  

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осының ізінде 2011-2016 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылдан бастап 50-60 жас аралығындағы әйелдерді толық тексеруден өткізетін «маммографиялық скрининг» деп аталатын Ұлттық бағдарлама дүниеге келді. Бағдарламаның мақсаты - сүт безінің қатерлі ісігі ауруын алдын ала анықтау, өлім-жітімді азайтып, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту. Осы мақсатта тексеру үшін қала, аудандарда рентгеннен өткізетін маммограф аппараттары емделушілерге қызмет көрсетуде. Онда 50-60 жас аралығындағы барлық азаматшаларға тұрғылықты мекен-жайына қарасты емханаларда екі жылда бір рет тексеруден өтуіне мүмкіндік жасалды. Десек те, сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан көптеген әйелдер ауруы асқынған кезде, яғни 3-4-ші сатыда ем алуға мәжбүр болады.

Біздің емханада 30 мың әр түрлі жастағы әйелдер тексеруден өтті. СБР 58 жаңа науқастар анықталды. Олардың ішінен скринингтен өткендері 12.

Сондай-ақ, онкологиялық мамандар: «Біздің санамызда қатерлі ісік десе қорқыныш үрей пайда болады. Тіпті сол қорқыныштан дәрігерге қаралудан да бас тартады. Егер сіз сүт безі қатерлі ісігіне шалдықсаңыз, өмірден түңілудің қажеті жоқ. Қатерлі ісікті алғашқы сатысында толығымен емдеуге болады», — дейді.

Дегенмен де, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, ауруды асқындырмай, дәрігерге уақытында сеніммен қаралу - сіздің саулығыңыздың кепілі!