Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Памятка

Құрметті емделушілер»!

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жуйесі тұралы» Қазахстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркұйектегі №193-IV Кодексіне сәйкес.

I. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір
          аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік
          заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;
      3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
      4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өздерінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің
          кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;
      5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетілімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
      6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына
         келтірілген зиянды өтетуге;
      7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;
      8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және
         медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнімдерінің
         қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз
         алуға;
      9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және
          субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
      10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;
      11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтінішхат беруге;
      12) өлгеннен кейін өздерінен тіндерін (тінінің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) транспланттау мақсатында алу мүмкіндігі туралы ерікті түрде еркін білдіруіне
           құқығы бар.

II. Азаматтар:
1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;   
2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге;
4) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;
5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге
    және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға міндетті.
    Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге
    де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібімен емделуге тартылады.
    Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;
 6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.
     2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.
     3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей
         міндеттілікте болады.


Құрметті емделушілер»!

Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әкімшілік біздің емдеу мекемедегі қабылданған ережелерді сақтауды сұрайды:

• Науқастарды қабылдау жұмыс күндері 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін

• Емханаға жүгіну кезінде жеке куәлігіңізді өзіңізбен бірге алуды ұмытпаңыз.

• Алғашқы жүгіну кезінде Сіз тексеру кабинеттерінде (ерлер кабинеті № 109, әйелдер кабинеті № 107), дәрігерге дейінгі кабинетте қаралып, (№ 121 кабинет) флюорографиялық тексеруден өтуіңіз қажет, (1 қабат) скрининг орталығы.
Қабылдауға жазылу өзіңіз тіркеу орнына DamuMed сайтына мобильді қосымша бойынша жолыққанда жүзеге асырылады.
Мамандардың қабылдауына жазылу тек қана АМСК маманының (дәрігер-терапевт, педиатр, ЖПД, акушер-гинеколог) жолдамасы бойынша өткізіледі.
Диагностикалық зерттеулерге жазылу №323 кабинетте, 39-04-70 телефон бойынша жүргізіледі.

Күндізгі стационарда емдеу аптасына 6 күн: дүйсенбі-жұма аралығында сағат 8.00 ден 20.00 дейін, сенбі күні сағат 9.00 ден 14.00 дейін жүргізіледі.
-Дәрігерді үйге шақыру (ересектер) 52-21-38 телефон бойынша,
-Дәрігерді үйге шақыру (балалар) 52-21-37 телефон бойынша,
Дәрігерді үйге шақыруларды қабылдау-7.30-18.00 (дс.-жұма), 8.30-12.00 (сб.) жүзеге асырылады.
Дәрігерді үйге шақыруды қамтамасыз ету себептері:
1) жіті ауру жағдайы емделушіге өз бетімен АМСК ұйымына келуге мүмкіндік бермейтін:
- дене қызуының 38 градустан жоғары;
- өзін-өзі нашар сезінуімен қан қысымының жоғарылауы;
- бірнеше дүркін сұйық нәжіс;
- омыртқа мен аяқ буынының қатты ауырсынуы мен шектеулі қозғалысы;
- бас айналуы, жүрек айнуы, құсу;
 2) емделушіге өз бетінше емханаға келуге мүмкіндік бермейтін созылмалы және ауыр жағдайлары (ауыр ішінде онкологиялық аурулар, мүгедектік (I-II топ), сал, аяқ-қол парездері);
3) айналасындағылар үшін қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;
4) қозғалысы шектеулі емделушілер;
5) АМСК ұйымдарының жұмыс сағаттарында жедел медициналық жәрдем станциясынан түскен шақырулар бойынша көмек көрсету.
52-22-98 (балалар мен ересектерге арналған Call-орталығы)- анықтамалық ақпараттар беру, қабылдауға алдын-ала жазылу, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес беру:
- "дәрігердің қабылдауына жазылу",
- "дәрігерді үйге шақыру",
 - "алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу "
 
39-04-70 - Диагностикалық бөлімшенің тіркеу орны - анықтамалық ақпараттар беру, диагностикалық тексеруге алдын ала жазылу.
 
74-20-10 (Костанай 2 балалар үшін Call-орталығы) - анықтамалық ақпараттар беру, қабылдауға алдын-ала жазылу, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес беру:
- "дәрігердің қабылдауына жазылу",
- "дәрігерді үйге шақыру",
 - "алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу "

 39-40-06 - Емделушілерді қолдау қызметі.