Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор
CALL-CENTER

Мамандандырылған көмек бөлімшесі

Мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі емхананың халыққа мамандандырылған кеңес-нақтамалық, емдік көмек көрсету жөніндегі құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлімше қалалық емхананың бас дәрігері бекіткен жоспары мен кестесіне сәйкес қызмет етеді.

Бөлімше міндеттері :

1 Тіркелген тұрғындарға жіті және созылмалы аурулар бойынша амбулаториялық жағдайда мамандандырылған көмек көрсету;

2. Емханада амбулаториялық қабылдауда және денсаулық жағдайы мен аурудың сипаттамасына байланысты емханаға келе алмайтын науқастарға үйлерінде емдік-нақтамалық көмек көрсету, көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызу мәселелерін шешу;

3. Емделушілердің емдеуін бекітілген МКБ-10 клиникалық хаттамаларына сәйкес және медициналық ғылым мен техника жетістіктері мен заманауи әдістерді пайдаланып жүргізу.

4. Ауруханаға жатқызу Бюро порталы арқылы науқастардың жоспарлы жатқызылуын жүзеге асыру;

5. Емделушілерді коронароангиографияға (КАГ) іріктеу.

6. Науқастардың медициналық реабилитациясын және денсаулығын қалпына келтіруін қамтамасыз ету;

7.Мамандар бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мониторингін ай сайын жүргізу (ККТМК);

8. Тұрғындар арасында бұқаралық ақпарат құралдарын, стендтерді, көрнекі ақпараттарды қолданып, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінен және аурудың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Кеңес-нақтамалық, емдік шаралар шағын операциялар мына профиль бойынша жүргізіледі:
  • Хирургиялық
  • Урологиялық
  • Офтальмологиялық
  • Травматологиялық