Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Профилактика және психологиялық көмек бөлімшесі

 
Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Бөлімнің құрамы: әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС дәрігері, диспансеризация дәрігері, дәрігерге дейінгі қабылдау кабинетінің медбикесі. Әлеуметтік қызметкерлер – емханаға тіркелген халыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді, жеке адамдар және топтардың әлеуметтік қызмет көрсетудегі мәселелерін анықтайды, сауықтыру үдерісіне халықты  белсенді араластырады, қамқорлық пен қорғаншылықты бекіту, жәрдемақыларды тағайындау құжаттарын дайындауға, интернат-үйлеріне анықтауға және басқа жәрдем түрлерін алуға көмектеседі. Психологтар психологиялық қызметтер көрсетеді, емханаға тіркелген халықпен психодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізеді.  Психологтардың негізгі жұмыстары қаралушы тұлғасының дамуындағы ауытқуларды түзету мен  психикалық денсаулықты қалпына келтіруге, қаралушы тұлғасының үйлесімді дамуына кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға  бағытталған.
 
Бөлімше міндеттері 
  • Муниципальдық органдармен (денсаулық сақтау, полиция, халықтың жұмыспен қамтылуы мекемесімен) қоғамдық және діни ұйымдармен бірігіп, әлеуметтік-медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды анықтау және оларды тіркеу
  • Егер мұндай жағдай болғанда қиындықтарды шешіп,  тұрмыстарын  өзгертуге әлеуметтік жәрдем көрсету;
  • денсаулық жағдайларын, өзіне-өзі қызмет ету мүмкіндігін  ескере отырып, үйлерінде әлеуметтік медициналық қызметті қажет ететін азаматтарға нақты көмек түрлерін анықтау
  • қызметті дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлерімен, психологтармен тығыз байланыста болып жасау, аурулардың әлеуметтік, психологиялық жағын  ескертіп, көмек беру.     
  • емделушінің медициналық және психологиялық реабилитациясына жәрдем көрсету,
  • медициналық көмек алған кезінде емделуші қауіпсіздігінің жақсартылуына жәрдем беру, құқығының сақталуына бақылау жасау;
  • бала мен жасөспірімдерді медициналық қызметімен қамту мен әлеуметтік қамқоршылыққа алу;
  • азаматтарға үйлерінде әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету;
 
 
Дәрігерге дейінгі кабинет мына қызметтерді көрсетеді:
- алғашқы медициналық көмек;
-- науқастарды қарау;
--жедел және шұғыл көмек;
-- дәрігерге кезек күттірмейтін адамдарды анықтап жібереді 
   
2014 жылы  келіп-кетушілер саны 14 191 адам, бұл 79,3% құрайды, оның ішінде шұғыл жәрдем алғандар саны - 718 адам.
Үйде жедел жәрдем көрсетілген саны  – 86 адам.

Үйдегі әлеуметтік-медициналық қызметтер әлеуметтік әділеттілік қағидаларының мына шарттары сақталуымен жүзеге асырылуы тиіс: 
  • Азаматтың және адамның құқықтарының сақталуы;
  • Қарт адамдар мен мүгедектердің жеке қажеттілігіне бағдарланған әлеуметтік жәрдем көрсету;
  • Егде адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік  қорғау шараларын жүргізу; 
  • әлеуметтік қызметтерді алуға және қолжетімділікке тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік қызмет көрсету саласында азаматтық кепілдік беру.

Әлеуметтік қызметкерлерге үлкен жұмыс жүктеледі, олар тек қана мүгедектерге, қарттарға, жалғызбастыларға, көп балалы отбасыларға, маргиналды топтарға қызмет көрсетпей, сонымен қатар бөлімшеде өтетін іс-шараларға, кеңмасштабты акцияларға, денсаулық мектептер жұмыстарына, дәрістер ұйымдастыруға, «ашық есік» күндерін өткізуге белсенді қатысады.     

СӨС дәрігері денсаулық сақтау мектептерін жетекшілікке алады.

Барлығы 8 мектеп жұмыс істейді, мұнда біздің емхана емделушілері ғана емес, сонымен қатар емханаға тіркелген тұрғындар да денсаулығын жақсартып, демалады. 

2013 жылымен салыстырғанда 2014 жылы оқушылардың әлеуметтік қызметпен  қамтылуы 34,5%-ға өсті, бұл аурулардың алдын алу жөніндегі әлеуметтік және терапевтік қызметтердің тығыз байланыста және өзара әрекеттестікте болғанын көрсетеді.
    
     

Медико-психологиялық кабинет қала тұрғындарына профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін  емхана бөлімшесінде ұйымдастырылған. Психолог медқызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істегенімен, ол  психологиялық нақтама беру, психологиялық профилактика, деонтология, науқастар мен туыстарына психологиялық түзету мәселелерін өзі шешеді.

Психологтар мына қызметтерді жүзеге асырады: 
  • оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізу;
  • емханада және үйде жеке кеңес беру
  • дәрістерді, семинарлар мен тренингтерді өткізу
  • топтық сабақ жүргізу;

Психологтар топпен ғана жұмыс істемей, әр адамды тұлға ретінде қабылдап,  бабын таба алады; 

Әр түрлі іс-шараларға, 2014 ж. «Жаяу туризм» атты республикалық семинарға  қатынасады, сондай-ақ «Егде адамдар клубында» жұмыс атқарады.

Кабинет тексеру және  түзетудің психологиялық әдістерінің ерекшеліктеріне сәйкес жабдықталған.
Қазір учаскелік педиатрлар, терапевтер, тағы да басқа мамандар емделушілерді көрсетілімдері бойынша психологқа кеңес алуға жібереді.  

Мектептерде профилактикалық тексеру жүргізгенде оқушылардың психологиялық көмек алу мүмкіндіктері, жасөспірімдерді ойландыратын маңызды әрі күрделі мәселелер туралы білу үшін жасырын сауалнама жүргізілді. 

Дені сау бала кабинеті

Дені сау бала кабинеті балдырғандық жастағы балалар арасында профилактикалық жұмыс бойынша әдістемелік және үйлестіруші рөл атқарады.

Мұнда медициналық қызметкерлермен қатар балалардың ата-аналары немесе отбасында балаларға күтім көрсететін адамдар да білім алып, дағдылана алады.
 

Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері мыналар:
  • балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу, соның ішінде: медициналық қызметкерлердің білімін үздіксіз жетілдіру.
  • балдырғандық және мектепке дейінгі шақтағы дені сау балалардың ерекшеліктері,  баланы күту, тамақтандыру, тәрбиелеу мәселелері бойынша жас аналарға теориялық және практикалық сабақтар өткізу
  • отбасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • бала дамуындағы аурулар мен ауытқушылықтың алдын алу, гигиеналық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналармен санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу