№1 Отбасылық денсаулық орталығы
Аға мейірбике Бөлімше меңгерушісі
Бралина Рабига Боранбайқызы Саттарова Гульниса Курбанқызы
№2 Отбасылық денсаулық орталығы
Бөлімше меңгерушісі Аға мейірбике
Ермолина Лариса Николаевна Серкебаева Шолпан Серикқызы
Жалпы дәрігерлік практика мен учаскелік қызметі бөлімшесі өз жұмысында Емхана туралы Ережелерді басшылыққа алады.
Терапевтік бөлімшенің негізгі міндеттері тіркелген халық тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсету, халық денсаулығын жақсартуға арналған іс-шаралар жүргізу, жұмысқа уақытша қабілетсіздік пен мүгедектікке әкелетін аурулықтарды төмендету
Негізгі міндеттерге сәйкес терапевтік бөлімше мыналарды қамтамасыз етеді:
а) уақытылы және сапалы нақтамалықты, аурудың алдын алу және білікті деңгейде емдеуді, науқастарға кеңес көмек көрсетуді;
б) ерте кезде ауруларды анықтауды;
в) ауруханаға жоспарлы және шұғыл түрде жатқызуды;
г) тұрғындарды емдеу орындарына жатқызуды;
д) мақсатты медициналық тексерулерді сапалы түрде жүргізуді, олардың орындалуына бақылау жасауды;
е) еңбекке уақытша қабілетсіздігіне сараптама жүргізуді, еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы анықтама мен сырқаттама қағазын дұрыс
беруге және ұзартуға бақылау жасауды, бөлімшенің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне сараптама жұмысына талдау жасауды, дәрігерлердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне сараптама мәселелері жөнінен жүйелі түрде біліктілігін жоғарлатуды;
ж) жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды уақытылы анықтап, белгіленген тәртіп бойынша ауруханаға жатқызуды, олар туралы санэпидемстанцияға хабардар етуді, қарым-қатынастарына бақылау жасауды, егу және тағы да басқа эпидемияға қарсы шаралар өткізуді;
з) халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;