Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Зертханалық-нақтамалық бөлімше

Бөлімше құрылымы:
Клиникалық-нақтамалық зертхана 
Функционалды нақтамалық 
Сәулелі нақтамалық 

Зертханалық-нақтамалық бөлімше дүниежүзілік өндірушілердің қазіргі заманға сай жабдықтарымен, заманауи зертханалық құралдармен: биохимиялық, гематологиялық, иммуноферменттік және тағы да басқа талдағыштармен жарақтандырылған. Бөлімшеде сәулелі және функционалды нақтамалық:  рентгенологиялық, ультрадыбыстық және функционалды зерттеулер жүргізіледі. Білікті  мамандармен қамтамасыз етілгендіктен және нақтамалық жабдықтарының кең жинақталымы болғандықтан бөлімше жүрек-тамырдың, орталық пен перифериялық жүйке жүйелерінің, тыныс органдарының, т.б. зерттеулерін жүргізеді.



Бөлімшеде эхокардиография,  тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы жүргізіледі. (Мұндағы жүрек iшiндегi қан ағысы аппаратта анық көрiнедi. Жүрекке қанның құйылуы, жүректiң iрi қан тамырларынан қанның шығуы сияқты сәттер терең тексеріледi). Эхокардиография адамның жүрегiндегi ақауды әп-сәтте анықтай алатын мүмкiндiкке ие. Жүректiң жұмысына, дүрсiлiне керi әсер етiп тұрған кедергiлер, ақаулар, жүректiң өзге де ауытқушылықтары жақсы көрiнедi).


 

Эндоскопия-асқазанның, ұлтабардың, жіңішке және жуан ішектің, кеңірдектің диагнозын анықтаудың неғұрлым сенімді әдісі.

Эндоскопиялық зерттеу барысында қажеттілікке байланысты сүйелді жаралардың, қабынушылық немесе ісікті өзгерістердің (биопсия), зарарлануын анықтау мақсатындағы, бірқатар диагностикалық тәсілдер қолданылады.
 

Спирография көмегімен сыртқы тыныс алу функцияларының зерттеулері жүргізіледі.

Жүйке жүйесінің жағдайына нақтамалық өткізу үшін бас миі белсенділігінің патологиялық, эпилептиформалық түрлерін анықтауға, функционалды сынама алу мен компьютерлік өңдеу жасаумен электроэнцефалография жүргізіледі.



Бөлімше емделушілерді толық  рентгенологиялық тексеруден өтуге қамтамасыз етеді, ол рентгеноскопиялық зерттеулерге арналған заманауи цифрлық флюорографпен, маммографиялық аппаратпен және рентген-нақтамалық аппаратымен жабдықталған, бұл нақтама алудың үдерісін тездетіп, жақсартады.  

Реабилитациялық емдеу көрсету үшін қазіргі заманғы аппаратурамен қажетті көлемде жабдықталған физиотерапия кабинеттері бар.