АГБ меңгерушісі
Перекопная Ирина Анатольевна
І санатты дәрігер акушер-гинеколог
Еңбек өтілі 24 жыл
Акушерлік–гинекологиялық бөлімше әйелдерге, фертильді жастағы әйелдерге акушерлік–гинекологиялық көмек көрсетеді, гинекологиялық ауруларды емдеу, нақтамалық өткізу, аурудың алдын алу, репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау бойынша қызметтер ұсынады.
Келесі медициналық қызмет түрлері көрсетіледі:
- физиологиялық жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу;
- жаңа босанған әйел және жүктілерді патронаждау;
- отбасын жоспарлау мәселесі бойынша кеңес беру және қызмет көрсету;
-экстрагенитальді аурулар (ЭГА) ерте анықтау мақсатында әйелдерге профилактикалық тексеріс өткізу және ұйымдастыру;
- гинекологиялық науқастарды жүргізу;
- диспансерлік есеп
- әйелдерді сауықтыру және диспансерлік бақылауға алу
-көрсетілімдері бойынша профильді бөлімшелерге жатқызу;
- емделушілерді ДМСК-ке іріктеу;
-уақытша еңбекке қабілетсіздікке сараптама жүргізу;
-халық үшін гигиеналық тәрбиелеу және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
Мекемеде «Жүкті әйелдерді босануға даярлау мектебі» жұмыс атқарады. Әйелдер ол жерден отбасын жоспарлау және босанғаннан кейінгі контрацепциялар, емшек арқылы тамақтандыру, жаңа туылған сәби мен ұрықтың дамуы, босанғаннан кейінгі кезең, қауіпсіз босану, тамақтану, жүктілік кезіндегі тексерістер, жүктілік барысындағы физиологиялық өзгерістер туралы ақпарат алады. Барлық жүкті әйелдер психологпен кеңеседі.
Акушерлік–гинекологиялық бөлімше ұжымы барлықтарыңызға зор денсаулық тілейді! Медициналық қызмет көрсету сапалылығы, қызметкерлердің қамқорлықпен қарауы –ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ - зор байлықтың сақталуына әсер ететініне сенімдіміз.
Жүкті әйелдерге ақпарат