2025 жылғы 01 сәуір-30 сәуір аралығында өтетін айлық
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған айлық аясында "Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК-да ауған ардагерлеріне арналған бірқатар іс-шаралар өтеді.
2025 жылы 11 және 18 сәуірде«Ашық есік күндері» ұйымдастырылады. Оның ішінде: скринингтік зерттеу; қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтау; артериялық және көз қысымын өлшеу; психологпен кездесулерді ұйымдастыру; көрсетілімдер бойынша терапевттің профилактикалық тексерлері жүргізіледі.
Бұл іс-шаралар қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтау және жауынгерлік іс-қимылдарына қатысушылардың психологиялық жай-күйін, ауруларының асқыну қаупін төмендету бойынша білікті медициналық көмек алуға бағытталған.