Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Жаналықтар және уақиғалар



Туберкулез таяқшаларын шығаратын науқас мамандандырылған ауруханада емделеді. Емдеу ұзаққа созылады, бұл - туберкулезді жеңудің қажетті шарты.
Науқасқа үйде болуға, яғни амбулаториялық жағдайда емделуге рұқсат етілгенде, ол дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдауды жалғастыруы тиіс. Осы кезеңде жақын адамдарға қолдау көрсету өте маңызды. Оның үйде болуына теріс көзқарасыңызды көрсетпеңіз. Ауру өзі күйзеліс жағдай болып табылады және оған, әсіресе жақын адамдарға, ашық түрде сақтықпен қарау қосымша психологиялық жарақат болады. Осы қиын кезеңде барлық отбасы мүшелері оны қолдауы керек.
 Дәрігердің ұсыныстарын орындау қажет.
Сақтық шаралары:
* науқасқа бөлек бөлме беріңіз;
* оған жеке ыдыс-аяқ бөліңіз (оны бөлек жуып, қайнату керек);
* науқастың іш киімін бөлек жуыңыз;
* науқастың бөлмесінде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үнемі дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізіңіз;
* жөтел кезінде науқас аузын орамалмен немесе маскамен жабуы керек;
* науқас қақырықты белгілі бір ыдысқа түкіруі керек;
* науқастың балалармен қарым-қатынасын шектеу (балалар туберкулезге шалдығу қаупі жоғары);
Отбасының барлық мүшелері, сондай-ақ науқаспен байланыста болған адамдар туберкулезге үнемі тексеріліп тұруы керек. Егер дұрыс демалыс, еңбек режимі сақталса, дәрігердің барлық ұсыныстары орындалса, науқас қайтадан сау болады.