Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Жаналықтар және уақиғалар

Жол қозғалысы ережелері.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру жөніндегі онкүндік шеңберінде "Қостанай қаласының №1 емханасына" бекітілген мектептерде іс-шаралар өткізілді.
ЖҚЕ бойынша оқушыларға арналған жадынама:
* Оң жақты ұстанып, тротуармен жүріңіз.
* Тротуарда жайлы қадаммен жүріңіз. Жүгірмеңіз және басқа жаяу жүргіншілерге кедергі жасамаңыз.
* Тротуарда бір қатарға екі адамнан артық емес қозғалу керек.
* Жаяу жүргіншілер жолына шықпай, тротуардағы кедергіні айналып өту керек.
* Тротуарда ойнамау және тентек болмау керек.
Ата-аналар баламен бірге көшеде жүргенде, осы сәтте жақын орналасқан көлік құралдары туралы сөйлесіп, олардың ерекшеліктерін оларға түсіндіру керек. Көшеден өтіп бара жатқанда, жолды қалай және қайда дұрыс кесіп өтуге болатындығын, оны қалай және қайда жасауға болмайтынын есте сақтауды айту керек.