Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Жаналықтар және уақиғалар



Атеросклероз-бұл артериялардың созылмалы түрдегі ошақты зақымдануы, бұл артериялардың ішкі бөлігінде май мен холестериннің жоғары пайызы бар ақуыздардың тұндырылуын және жиналуын білдіреді. Аурудың аясында дәнекер тінінің өсуі байқалады, тағы бір тән белгі – атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуы, олардың әсерінің нәтижесінде артерия арнасы тарылады, ұзақ мерзімді уақытта ағзаларға аз қан түсуіне әкеледі. Түйіншектер неғұрлым ұзақ жиналса және өссе, ағзалар соғұрлым аз қан алады, осыған байланысты ағзалар жұмысының қиындалуы пайда болады. Атеросклероздың салдарынан адамда жүрек пен қан тамырларына тікелей байланысты аурулар қалыптаса бастайды, нәтижесінде уақтылы емделмеген жағдайда адамдарға миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық ауруы, ми инсульті, жедел жүрек жеткіліксіздігі, қан ағымының төмендеуінен туындаған ағзалар жұмысындағы аурулар диагнозы қойылуы мүмкін.

 

Мұндай бұзылуға әкелетін себептердің ішінде мыналарды атап өтуге болады: темекі өнімдерін, алкогольді белсенді қолдану, жоғары қан қысымы және қант диабеті, физикалық белсенділіктің толық болмауы, дұрыс тамақтанбау.