Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Жаналықтар және уақиғалар



Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде.
"Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК мереке қарсаңында балалар үшін 2024 жылы 31 мамырда 09.00-ден 11.00-ге дейін сыйлықтар тапсыра отырып, суреттер конкурсын өткізеді.
Халықаралық Балалар күні - ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада өткен балалардың әл-ауқатына арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғау, оларға қамқорлық жасау дәріптеледі.
Жас достар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіз – біздің болашағымыз!
Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз өскелең ұрпақтың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасауда.
Біз сіздердің жақсы оқығандарыңызды, достықты бағалай білетін адал адамдар болып өскеніңізді, өмірде дұрыс таңдау жасағаныңызды және Отанның нағыз патриоты болғаныңызды қалаймыз.
Сіздерге бейбіт ашық аспан мол бақыт тілейміз. Ата-анаңыздың үмітін ақтаңыз, елдің лайықты азаматтары болыңыз!