Құрметті Қостанай облысының тұрғындары 2024 жылғы 14 мамыр күні «Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» өткізіледі, іс-шараның өтуі барысында Сіз денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі жөнінде өзіңізді қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап аласыз.
«Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 а, 1-қабат, акт залы мекенжайы бойынша өткізілетін болады.
Қабылдауға мына телефонға 87142390514, 87142390506 қоңырау соғып, алдын-ала жазылуыңызды сұраймыз.
