Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына сәйкес азаматтардың ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде мамандандырылған медициналық көмекті келесі жағдайларда мамандардың жолдамасыз амбулаториялық жағдайларда алуға құқығы бар:
1) шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар кезінде;
2) пациент шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету жөнінде жүгінген кезде;
3) пациент дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар бойынша бейінді маманға жүгінген кезде;
4) психологқа және жүктілік бойынша есепке қою жағдайларын қоспағанда, пациент акушер-гинекологқа жүгінген кезде;
5) пациент онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруға күдік бойынша бейінді маманға жүгінген кезде;
6) пациент жастарға арналған денсаулық орталықтарына жүгінген кезде;
7) пациент динамикалық байқау ауруының бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымына бейінді маманға жүгінген кезде;
8) бейінді маманға ауру бойынша бір рет жүгінгеннен кейін қайта жүгіну, сондай-ақ ісікке күдік болған кезде;
9) жылжымалы медициналық кешендермен және медициналық поездармен қызмет көрсету кезінде.
Ережелердің 13-тармағына сәйкес бейінді маманға жолдамасыз қабылдауға жазылу мынадай жағдайларда қалыптастырылады:
1) пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға немесе ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер базасының Денсаулық сақтау субъектісіне тікелей жүгінгенде;
2) телефон байланысы, МАЖ мобильді қосымшалары арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуды ресімдегенде;
3) пациенттің "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінгенде және "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама келуімен "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салғанда.