2019 жылы 03 сәуірде "Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК қызметкерлері жарақаттанудың алдын алу үшін «Қазақтелеком» АҚ Қостанай филиалының қызметкерлеріне арналған акция өткізді. Сөз сөйлегендер:
1. «Денсаулық қағидалары» мінез-құлықтық тәуекел факторларының алдын алу» - тақырыбы бойынша алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің психологтары Хакимова В. Б., Кирюшкина А. Д.
2. «Скрининг не туралы баяндайды?"-ПӘПКБ әлеуметтік қызметкері Жолмағамбетова А. И.
3. «Өзіңді жарақаттанудан сақта!» - жедел көмек бөлімшесінің аға фельдшері Оразбаев Р. С. - жарақаттанудың алдын алу қағидаларын, жазатайым кезінде шұғыл көмек көрсетудің практикалық ұсыныстарын айтты.