Құрметті №1 емхананың пациенттері!
Сіздерді мынадай жастар шамасы санаттары бойынша профилактикалық медициналық тексерістен өтуге шақырамы.
СКРИНИНГ – бұл ерте сатыда ауруларды және қауіп факторларын анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдардың профилактикалық медициналық тексерілуден өтуі, осылайша емдеудің тиімділігін арттыру және асқынулардың дамуының алдын алу.
Скринингтің көлемі мыналарды қамтиды:
• антропометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, белдің шеңбері);
• артериялық қысымды өлшеу;
• 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы адамдардың көзішілік қысымын өлшеу;
• 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаның деңгейін анықтау;
• электрокардиография – айғақтары бойынша;
• кардиологта, эндокринологта, офтальмологта қаралу – айғақтары бойынша;
• қауіп тобындағы балалардағы В және С созылмалы гепатиттерінің маркерлеріне қанды талдау.
Бұл зерттеулер ерте сатыда жүрек-қан тамыр ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, оның қауіп факторларын, сондай-ақ дертпен күресу қиын болмағанда гепатитті және аса қауіпті асқынуларды: инсульт, инфаркт, зағиптық, цирроз және бауыр обырын анықтауға мүмкіндік береді.
Обырдың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді жою, сондай-ақ дамудың ерте сатыларында ісіктерді анықтау үшін мыналарды өту қажет:
әйелдерге:
• 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста патологиялық өзгерістерді болдырмау үшін жатыр мойнының сүртіндісін цитологиялық зерттеу;
• акушер-гинекологқа, айғақтар бойынша кольпоскопиялық қаралу;
• 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография);
• маммологқа, айғақтар бойынша онкологқа қаралу;
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 и 70 жастағы ерлер мен әйелдер:
• жуан және тік ішек ауруын ерте анықтауда нәжісті жасырын қанға тестілеу;
• хирургке, проктологқа, гастроэнтерологқа қаралу; айғақтар бойынша – жуан және тік ішекті эндоскопиялық зерттеу.
Аталған тексерулер жаппай жүргізілетін елдерде, жатыр мойны, сүт бездері және жуан ішек обырынан өлім-жітім айғақтары күрт төмендеген.
Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмек кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кіреді.