Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Жаналықтар және уақиғалар

2015 жылы 04 қыркүйек күні «Денсаулық сабағы» кең ауқымды акция шеңберінде «НИМ» АҚ Қостанай қ. ФМБ НИМ филиалында «Менің отбасым – менің байлығым!» атты тақырыпта Сынып сағаты өткізілді.

Отбасы адамды әлеуметтендірудің басты және ең өзекті сатысы болып табылады, дал осы жерде баланы дамыту, оны қабілеттерін, денсаулықты сақтаушы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру жүргізіледі. Сол себепті ең өзекті фактор отбасындағы дені сау атмосфера болып табылады.

Алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің психологы Е.С.Забудскаямен мына іс-шаралар өткізілді.

7-ші сыныптың оқушылары осы тақырыпқа қызығушылық танытып және талқылау барысында белсенді ат салысты. Отбасы – ол бізді өмір бойы қасымызда болатын ең жақын адамдар, ол сүю, түсіну, тілектестік пен қоғамның әрбір мүшесін дамытып және қалыптастыруға итермелейтін атмосфера.

«Қостанай қ. ФМБ НИМ» филиалында «Менің отбасым – менің байлығым!» тақырыбында сынып сағаты.

2015 жылы 08 қыркүйек күні алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің психологтары Е.С.Забудская және Д.А.Еркебаевамен Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ «Менің отбасым – менің байлығым» тақырыбында Сынып сағат өткізілді.

7-ші сыныптың оқушылары осы тақырыпқа қызығушылық танытып және талқылау барысында белсенді ат салысты. Сабақтың соңында барлық оқушылар әрбір адам өмірінде отбасы мен мектептің маңыздылығы жайлы, балада сүйіспеншілік сезімі мен ата-анасын сыйлай білуге, өз отбасы үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу қажеттілігі туралы, рухани – өнегелі қасиет, балалардың дүниетанымын, олардың отбасындағы құндылықтарға зерделі көзқарастары мен сақтық қарым-қатынастарын қалыптастыру туралы өз ойларын ортаға салды.

Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ «Менің отбасым – менің байлығым»

тақырыбында сынып сағаты.

Біздің ел басы атап айтқандай, біздің қоғамда отбасы түрлі ұрпақтар арасында байланыстыру, мәдени - рухани мәдениеттерді сақтау сатысы болған және болып қала бермек. «Отбасы күні біздің қоғамда өнегелілікті, руханилықты сөзсіз қабылдап, жауапты ерлі-зайыптылықтың өзектілігін нығайтуға қабілеттейтін болады. Отбасына деген сүйіспеншілік отбасы ошағын сүюден басталады. Туған Шаңырақтан алған тәрбие – ол барлық біздің халықтың сенімді болашағы мен денсаулық кепілі».