«Қарттар клубы» – зейнеткерлер өздерінің бос уақыттарын өткізетін орыны. Клубтың мақсаты, өздерінің бос уақыттарын тиімді және жайлы өткізуге мүкіндіктер беру, түрлі мәдени-тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сонымен қатар жаңаша қызығушылықты ояту, жаңаша достық байланысты бекіту болып табылады. 2015 жылы 11маусым күні алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің психологтарымен, терапия бөлімінің меңгерушісі Л.Н.Ермолинаның қатысуымен «Қарттар клубында» жұмыс өткізілді. Зейнеткерлер медицина саласында оларды қызықтыратын: медициналық препараттардың әсер етуі, ұйқының бұзытуы, артериальдық қан қысымының көтерілу себептері, егде жаста дұрыс тамақтану, инфарктың белгілері және т.б. сұрақтарды қойды
Кездесу соңында қорытынды жасалып және дәрігерлермен көбірек жеке кездесу туралы ұсыныстар жасалды.