Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ДС.-ЖМ.: 7:30 - 20:00 СН.: 8:30 - 14:00
Қабылдауға жазылу
Дәрігерді үйге шақыру
Версия для слабовидящих
Экранный диктор

Жаналықтар және уақиғалар

2015 жылы 18 мамырдан 21 мамыр аралығында алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің психологымен Балаларды қорғау күні қарсаңында «Менің отбасым» атты сайыс өткізілді. Сайысқа (№2 ШЛ, №115 ОМ, №19ОМ) қалалық мектептің кіші сыныптардан 100 жуық бала белсенді қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша Бірінші орынға №2 МШ 3«Г» сыныптың оқушысы Параскеева Арина ие болды,

Екінші орынға №115 ОМ 3«В» сыныптың оқушысы Семенова Алина ие болды,

Үшінші орынға №19 ОМ 1«Б» сыныптың оқушысы Запольская Анастасия ие болды,

Құттықтаймыз!!!!!!

2015 жылы 19 мамырдан 28 мамыр аралығында Қостанай технико-экономикалық колледжі, Қостанай әлеуметтік – техникалық колледжі және №115 орта мектептің жасөспірімдері арасында «Отбасыға өзара байланыс жасау психологиясы. Қақтығыстарды реттеу амалдары» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты рухани және эмоционалдық тұлға негізін қалыптастыру және дамыту үшін отбасында қолайлы жағдайды құру қаншалықты өзекті екенін көрсету болды.

Қостанай технико-экономикалық колледж


 

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледж


 

№115 орта мектеп

2015 жылы 26 мамырда Қостанай Гуманитарлық колледжінің оқушылары арсында «Отбасындағы өзара байланыс» тақырыбында тренинг өтті.

Бұл тренинг әлеуметтік маңызды отбасылық құндылыққақ жасөспірімдердің қажетті ынталарын анықтайды.

«Семья – общество в миниатюре, от ценности которого зависит безопасность всего большого человеческого общества»

(Ф. Адлер, психолог)

2015 жылы 21 мамырда педиатрия бөлімінің әлеуметтік қызметкері Ерназарова Айгүл қатысқан «Берекесіз отбасыларды, қараусыз, қадағалаусыз балаларды ерте анықтау бойынша мемлекеттік органдармен өзара байланыс» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Осы іс-шараға мынадай сұрақтар қойылды:

  1. Әлеуметтік қызметкер: мейірімді адамдарға арналған мамандық;

  2. Әлеуметтік сәтсіздік және балалармен қатты араласу белгілерін ерте анықтау;

  3. Жеке тұлға, отбасы, қоғамдастық деңгейінде әлеуметтік қызметкердің өзара әрекеті;

  4. Бала мен отбасының талаптарын бағалау нысаны.

Дөңгелек үстел кері байланыс тәртібінде өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар бастапқы буында әлеуметтік қызметкердің рөлі туралы сұрақты талқылады.

Балаларды қорғау күніне орай

2015 жылы 29 маусым күні Балаларды қорғау күніне орай алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің психологтары қызметкерлердің балалары қатысқан сурет пен жасап өндірулер көрмесін өткізді.

Сайыстың қорытындысы бойынша Бірінші орынға Ботабекова Риана ие болды.

Екінші орынға Алматова Айдана ие болды.

Үшінші орынға Адильбекова Камила ие болды.

Құттықтаймыз!!!

Көмеден кейін Емхана қызметкерлері балаларының қатысуымен іс-шара болды. Мерекеге ертегі кейіпкерлері шақырылды: Түлкі Алиса және Клоун Гоша. Балалар мерекені тойлауға белсенді қатысты, шын жүректен көңіл көтерді.