Осы аралықта емхананың мамандарына 150 астам ардагерлер қабылданды. Қажетті тексерулер, жалпы 320 астам зерттеулер жүргізілді.
Емшара кабинетінде 18 емшара орындалды. Күндізгі стационар мен үйдегі стационарда 25 ардагер емделді.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын тойлау қарсаңында ҰОС қатысушыларына кәсіпорын бюджеттен тыс қаражаттан әр қайсысына 10000 теңге сомада дәрі-дәрмек көмек көрсетті.
Тыл еңбекшілірі мен емхананың бұрынғы медициналық қызметкерлеріне материалдық көмек бөлініп және азық-түлік себеттері берілді. ҰОС ардагерлері қорына 300 мың теңге көлемінде емхана қызметкерлерінің бір күндік еңбекақысы аударылды.