Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

ПН.-ПТ.: 7:30 - 20:00 СБ.: 8:30 - 14:00
Записаться на прием
Вызвать врача на дом
Версия для слабовидящих
Экранный диктор
CALL-CENTER

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

2023 жылы 01 шілдеден 2024 жылы 30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
 
1.Бөлім бойынша: 1.1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
1.1. Кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдар -  жеткізушінің жауапкершілік өлшем шарттарын реттейтін (Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасындағы) үлгілік жеткізу шарттарының нормаларын қайта қарау бөлігінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 маусымдағы №110 бұйрығының тармақтарына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру.
 
2. Бөлім бойынша: 2.2. Кадр саясаты қызметкерлерді басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы
2.1. Кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдар - кадрлар бөлімі жұмысқа орналасу үшін ҚР Еңбек кодексінің тыйым салынған нормалары болып табылатын тұлғаларды жұмысқа қабылдау тәртібін қоспағанда, жұмыскерлердің бос жұмыс лауазымға орналасатын үміткерлерді мұқият тексеру ұсынылсын.
 
3. Бөлім бойынша: 2.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг нәтижелері
3.1. Кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдар – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жауапты тұлғаларға мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөнінде хабарландыруды орналастыру кезінде ақпаратты неғұрлым мұқият тексеру ұсынылсын.
 
4. Бөлім бойынша: 2.9. Қадағалау органдарын тексеру нәтижелері жайында мәліметтер.
4.1. Кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдар
- емхана әкімшілігіне кінәлі адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылсын;
- емхана әкімшілігіне кәсіпорынның мөрлері мен мөртабандарын сақтауға жауапты қызметкерлермен жұмыс жүргізсін және оларға бақылауды күшейтсін, мөрлер мен мөртабандарды бөгде адамдарға беру және медициналық тексеруден өткізбеу құжаттарға таңба қоюды болдырмау ұсынылсын;
- емхана әкімшілігіне мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларының талаптарына сәйкес емхананың мөрлері мен мөртабандарын ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.