Қазақстан
Республикасы
Денсаулық
сақтау министрінің
«____»
__________ 20___ жылғы
№_____
бұйрығына қосымша
Қазақстан
Республикасы
Денсаулық
сақтау министрінің м.а.
2009
жылғы 26
қарашадағы
№
793 бұйрығымен бекітілген
Санитариялық
авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық
көмек көрсету ережелері
1.
Жалпы ережелер
1.
Санитариялық авиация нысанында
жедел медициналық көмек және медициналық көмек
көрсетудің осы Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан
Республикасында көрсетілген медициналық көмектің
түрлерін көрсетудің тәртібін анықтайды.
2.
Жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі
зиянды алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін
шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар
туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
3.
Санитариялық авиация (бұдан әрі
- санавиация) – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық
ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі
бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек
көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа
шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны.
Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну
әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі
жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық
ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
4.
ЖМК көрсетілетін
патологиялық жағдайлар:
уақтылы
медициналық жәрдем көрсетілмеген жағдайда өлімге
алып келуі мүмкін, өмірге тікелей қауіпі бар;
өмірге
тікелей қауіпі жоқ, бірақ патологиялық
жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген
уақытта басталуы мүмкін;
өмірге қаупі жоқ, бірақ емдеу консультациясы
және түзетуі қажет;
науқас
өміріне қауіпті емес жағдайда, бірақ өзіне
және маңындағыларға;
тікелей қауіп төндіреді.
5.
ЖМК көрсету
қажетті емдік-диагностикалық жабдықпен,
дәрі-дәрмектермен жарақтанған және дайындалған
білікті медициналық қызметкерлермен жинақталған жылжымалы бригадалармен жүзеге
асырылады.
2.
Жедел медициналық көмек
көрсету тәртібі.
6. Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше)
(бұдан әрі - ЖМКҰ) тәулік бойы ересектер мен
балаларға науқастың және/немесе
айналасындағылардың өміріне қауіп төнген
жағдайда, бақытсыздық жағдайларда, жіті ауыр сырқаттарда,
оқиға болған орындада, басқа жерге орын ауыстырса да
жедел медициналық көмек көрсететін медициналық
ұйым болып табылады.
7. Ірі қалалар мен аудан
орталықтарында ЖМКҰ құрамында
кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет
көрсету аудандары денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен шұғыл және жедел
медициналық станцияның бас дәрігерінің ұсынуы
бойынша бекітіледі. Кіші станциялар 15
минуттық көлікпен жете алатын есеппен ұйымдастырылады. Кіші
станцияларға қызмет
көрсету аймақтары халықтың санын, тығыз
орналасуын және жас мөлшерінің құрамын,
құрылыс ерекшеліктерін, ауданда
өндіріс орындарының, ірі ауыл шаруашылық кешендерінің,
көліктік желілерінің бар болуын және жағдайын, қозғалыс қарқындылығын
және өңірдің басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып белгіленеді.
8. ЖМКҰ жедел медициналық
көмек көрсету жедел медициналық көмек жылжымалы
бригадаларымен (бұдан әрі- ЖМК бригадасы) (фельдшерлік,
дәрігерлік, мамандандырылған) – штат нормативтеріне
сәйкес ұйымдастырылған
ЖМКҰ функциональдық бірліктерімен жүзеге асырылады.
9. ЖМК фельдшерлік жылжымалы бригадасы құрамына фельдшер, («емдеу
ісі» мамандығы бойынша дипломы бар, нақты мамандық бойынша
жеке тұлғаға медициналық қызметті жүзеге
асыру құқығын беретін құжат маман
сертификаты (бұдан әрі - сертификат) бар орта медициналық
білімі бар маман.
10. ЖМК дәрігерлік жылжымалы бригадасы құрамына дәрігер
(жоғары медициналық білім, «емдеу ісі» немесе «педиатрия»
мамандығы бойынша дипломы, «жедел медициналық көмек» мамандығы
бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, «емдеу
ісі» мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар
және жүргізуші кіреді.
11. Қалалар мен аудан орталықтарында қызмет
көрсетілетін қала немесе
аудан халқының санына
байланысты мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылады:
70 мыңнан аса тұрғын - интенсивті терапия бригадалары,
сондай- ақ балаларға медициналық көмек көрсететін бригадалар;
100 мыңнан аса тұрғын –
тар бейінді мамандандырылған
бригадалар (кардиологиялық, неврологиялық,
акушериялық-гинекологиялық, реанимациялық,
психиатриялық және басқалар).
12. ЖМК мамандандырылған жылжымалы бригада құрамына дәрігер (жоғары медициналық
білімі, «емдеу ісі» немесе «педиатрия» мамандығы бойынша дипломы, «жедел
медициналық көмек» мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар және
мамандандырылған бригада бейіні бойынша маманданымы бар маман), фелдьшер (орта
медициналық білімі, «емдеу ісі» мамандығы
бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші
кіреді.
13. ЖМКҰ шақырту
түскен кезде мынадай мәлімет
жазып алынады:
науқастың тегі,
аты, әкесінің аты, жасы және жынысы.
науқастың
жағдайы туралы қысқаша, келеңсіз жағдайдың
немесе ауру жөнінде мәлімет;
нақты мекен – жайы
және телефоны, кіре беріс есігінің коды,
сондай-ақ науқас жатқан орынға
жететін жол туралы мәлімет.
14. Түскен шақырту сипаты, ауру бейіні бойынша
өңделеді және ЖМК жылжымалы бригадысына жеткізіледі.
Жылжымалы бригадалар:
ЖМК көрсету үшін және бақытсыз жағдайларда, жарақаттарда
және улануларда науқастарды тасымалдау үшін;
ауруларда, оның ішінде психикалық, науқастың және
оның айналасындағы тұлғалардың өміріне
және денсаулығына қауіп төндірітен ауруларда;
босану кезінде және жүктілік ағымы асқынған
жағдайларда;
шұғыл
медициналық көмекті талап ететін науқастарды ауруханаға
тасымалдау
үшін, оның ішінде алғашқы медико-санитариялық көмек
ұйымының мамандарын шақырту бойынша бағытталады.
ЖМК бригадаларының шығу регламенті- осы Ережеге қоса
беріліп отырған қосымшаға сәйкес шақырту
жеделдігі дәрежесінің
тізімімен анықталады:
1-3
жеделділік дәрежесі -
5 минутқа дейін;
4-5 жеделділік дәрежесі - 20
минутқа дейін;
6 жеделділік дәрежесі - 30
минутқа дейін.
15. Жіті терапия мен
мамандандырылған бригадалардың бағыты дәрігерлерді
және орта медициналық қызметкерлерді шақыртумен
қатар, тұрғындардың шақыртуларымен де
жүзеге асады; алайда бұл жағдайда интенсивті терапия мен
мамандандырылған бригаданы
шақырған медициналық қызметкерлер
шақырылған бригада келгенше қажетті медициналық көмекті көрсетуге міндетті.
16. Зардап шегушілер мен науқастар емдеуге жатқызу (ургенттік
клиникалар) тәртібін регламенттейтін денсаулық сақтау
басқармаларының жергілікті органдарының бұйрығына
сәйкес емдеу мекемелеріне қаралу үшін жеткізілуі тиіс; қажет болған жағдайда
өмірлік көрсеткіштері бойынша алдын-ала хабарлаудан соң
жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізу
жүзеге асырылады.
17. ЖМК бригадасының стационардағы қабылдау
бөлімінде болу уақыты (жауапты кезекші дәрігерге
жәбірленуші немесе науқасты беру уақыты) ЖМЖ бригадасымен
науқасты алып келу уақыты мен қабылдау бөлімшесі
дәрігерінің науқасты қабылдап алуы уақытын
шақырту картасына белгілеу уақытымен қоса алғанда 10
минуттан аспауы тиіс.
18. Өміріне қауіп төндіретін аурумен пациентті немесе
кәмелетке толмаған тұлғаны жедел стационарлық
көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымына тасымалдауда ЖМКҰ
санитариялық автокөлігіне туысының (1 адамнан артық емес)
бірге келуіне рұқсат етіледі.
19. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы
медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы»
(Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу
тізілімінде №6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына
сәйкес емдеуге жатқызуға көрсеткіштер жоқ болса
немесе ауру емдеуге жатқызудан бас
тартса учаскелік дәрігерге белгіленген нысанды дабыл парағы ресімделеді.
20. ЖМКҰ халық жеке
жүгінгенде немесе телефон арқылы станцияның
(бөлімшенің) медициналық қызметкерлерімен
медициналық көмек көрсетілген
аурулардың немесе
бақытсыз жағдайларда
зардап шеккендердің
қай жерде екендігі туралы тәулік бойы ауызша анықтамалар береді; жедел қызмет көрсету талап
етілмейтін жағдайларда, ЖМКҰ ауысымының аға
дәрігері пациентке
медициналық көмек алу үшін жүгінуге медициналық ұйымның координаттарды (мекен-жайын, телефонын)
ұсынады.
21. Төтенше жағдайлар кезінде ЖМКҰ:
апат медицинасы аймақтық
орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;
ЖМЖ бригадаларын төтенше жағдай аймағына төтенше
жағдайлар зардаптарын жою жұмысының жоспарына сәйкес
бағыттайды;
төтенше жағдайларды жою кезіндегі
емдеу-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді;
қажетті санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы
іс-шараларды бекітілген тәртіпте өтуін қамтамасыз етеді.
22. ЖМКҰ:
сот- медециналық қорытынды;
масаю жағдайы мен психобелсенді заттар қолдану деректерін белгілеу
үшін медициналық куәландыру қорытындысын;
осы Ережелермен белгіленген жағдайлардан басқа пациенттер мен
олардың туыстарына басқа да жазбаша анықтамалар мен қорытындылар береді.
23. ЖМКҰ мынадай жағдайларда қызмет көрсетпейді:
шұғыл және жедел медициналық көмекті
талап етпейтін кезде;
алғашқы медико-санитариялық жәрдем көрсететін
ұйымның жұмыс уақытында өміріне қауіп
төндірмейтін жағдайларда медициналық жәрдем талап етушілерге;
медициналық ұйымдармен тағайындалған диагностикалық және емдік емшараларды жүргізу қажет
болғанда;
шұғыл емдеуге
жатқызуды қажет етпейтін
жәбірленушілерді, науқастарды және жүктілерді
тасымалдау;
сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық
сараптаманы жүргізу.
медициналық ұйымдарда консультативті көмек көрсету;
стационардан науқастарды үйлеріне жеткізу;
өлім актісін құру және куәландыру.
24. ЖМКҰ шақыртуларды санитариялық авиация нысанында
медициналық жәрдем көрсететін ұйымдарға мынадай жағдайларда жеткізеді:
мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының
жергілікті органдарымен (қалалардың, елді мекендердің
әкімшілік шекаралары) анықталған қызмет көрсету
аймақтарынан тыс жерлердегі науқастарға, жүктілерге
және жәбірленушілерге;
жедел және консультативтік-диагностикалық
мамандандырылған және
жоғары мамандандырылған
медициналық көмек көрсету қажет болған;
шұғыл жағдайларда (қала сыртындағы
автомагистральдағы жол көлік оқиғаларында,
төтенше жағдайларда және т.б.) көрсетілетін
медициналық жәрдем әсерін арттыру мақсатында.
25. ЖМКҰ қызмет көрсететін көлік тану белгілермен
(жарқыл шамшырақ, дыбыс дабылы және басқалар) жарақтануы
тиіс.
26. Санитариялық автокөлік жоспарлы санитариялық
өңдеуден өтуі тиіс. Жұқпалы ауруларды тасымалдау кезіндеа
санитариялық көлікті науқасты қабылдаған
медициналық ұйым міндетті
түрде дезинфекция жасауы тиіс.
27.
ЖМКҰ 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі
қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс
(оның ішінде емдеу-профилактикалық мекемелері, Ішкі істер
министрлігінің қызметтері,
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі), қалааралық
байланыс телефонымен, сонымен қатар шақыртудағы көшпелі
бригадаларымен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.
Жедел және шұғыл медициналық көмек барлық
станциялары автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ)
жарақтануы тиіс.
ЖМКҰ қызметіне халық ұялы немесе
қалалық телефондар арқылы байланыса алады.
28. ЖМКҰ және оның
бөлімшелерінде шұғыл медециналық көмек
көрсету өздері келген жәбірленушілермен
науқастарға көрсетіледі. Қажетті көрсеткіштер
бойынша стационардың орнын басушы (үйдегі стационар) ұйымдастырылады.
29. «Денсаулық
сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін
бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілері
мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6173 болып тіркелген) Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26
сәуірдегі №238 бұйрығына сәйкес ЖМКҰ штаттары жауапты
облыстық денсаулық сақтау органдарымен бекітілген
штаттық нормативтермен типтік нормативтерге сәйкес белгіленеді.
3.
Санитариялық авиация нысанындағы жедел медициналық
көмек көрсету тәртібі
30. Санавиация
жердегі автокөлікті немесе ауа санитариялық автокөлікті пайдаланып
тегін медициналық көмек шеңберінде мамандандырылған
мамандарды науқас жатқан жерге немесе диагностикалық, емдеу
және консультациялық көмек көрсету үшін
сәйкес медициналық ұйымға жеткізуді қамтамасыз
етеді.
31.Санавиация
қызметтері:
транспорттық
қызметтерді (мамандарды пациент орналасқан жерлерге жеткізу, пациентті
тасымалдау).
медициналық
қызметтерді қосады.
32. Ауа санитариялық
авиакөлік (тік ұшақ, ұшақ):
жету қиын
аудандарда;
санавиацияның ауа
көлігіне қызмет көрсететін медициналық ұйымнан
150 км-ден аса орналасқан науқастарды,босанушыларды, жәбірленушілерді
тасымалдау немесе жеткізу үшін;
жарақат,улану,айналадағы
адамдармен өзінің өміріне, денсаулығына зиян
келтіретін, диагноз қою қиын болған жағдайларда
шақыру түскен жерлерге шұғыл мамандандырылған
медициналық көмек көрсету үшін республикалық
денсаулық сақтау ұйымдарынан санатталған мамандарды
жеткізу үшін;
медициналық көмек
көрсету мүмкін болмаған жағдайда немесе
облыстық,қалалық деңгейде медициналық
ұйымдарға қажетті қызмет түрі болмағанда,
науқасты республикалық денсаулық сақтау
ұйымдарына жеткізу үшін;
қала
сыртындағы автомагистральдарда болған жол көлік
оқиғалары кезінде ЖМК көрсету үшін қолданылады.
33. Санавиация
бөлімшелері дәрігерлік санавиация бригадаларының әрдайым
дайын болуын және оперативті басқаруды қамтамасыз ету
мақсатында астанада, республикалық мәні бар қалаларда, облыс
орталықтарында ұйымдастырылады және тәулік бойы
жәрдем көрсететін медициналық ұйымдардың
(республикалық, облыстық қалалық көп бейінді клиникалар,
ЖМК станциялары) арнайы тік ұшақ қонуға арналған
орнымен жабдықталады.
34. Санавиация
бөлімшелерінің қызмет көрсету аймақтары
Денсаулық сақтау уәкілетті органымен келісілу бойынша
тұрғындардың санына, халықтың тығыз
орналасуына, жас мөлшерінің құрамына,
ауқымдық ерекшеліктерін, көліктік магистральдар жағдайы
мен орналасуына, қозғалыс қарқындылығын есепке
ала отырып денсаулық сақтау басқармасының жергілікті
органдарымен анықталады, авиакөлікте оқиға болған
жерге 2 сағатта жетуі тиіс.
35. Санавиация бөлімшелерінің қызметі денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті органмен анықталатын Санавиация жөніндегі Республикалық Үйлестіруші
Орталықпен (бұдан әрі
– Республикалық Үйлестіруші Орталық) үйлестіріледі.
36. Шұғыл
және жедел медециналық көмек санавиациялық
бөлім меңгерушісімен
құрылған штаттық және шақырылған
мамандардан құрылған санавиация бригадаларымен жүзеге
асырылады.
37. Санитариялық
авиация жылжымалы бригадасының қызметі штатының
құрамына дәрігер (жоғарғы медициналық
білімі, «Емдеу ісі» немесе «Педиатрия» мамандығы бойынша дипломы, «жедел
медициналық көмек» мамандығы бойынша сертификаты бар маман),
фельдшер (орта медициналық білімі, «емдеу ісі мамандығы бойынша
дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші (ұшқыш) кіреді. Мамандандырылған
медициналық көмек көрсету үшін жоғарғы
медициналық білімі, емдеу ісі және педиатрия мамандығы бойынша
дипломы бар, бейінді мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар
мамандар жұмылдырылады.
38. Айғақтары
бойынша Республикалық Координациялық Орталықтан
дәрігер-мамандардан құралған мобильді бригадалар жоғары
мамандандырылған және жоғарғы
білікті медициналық көмекті Қазақстан
Республикасының ауқымында
тәулік бойы көрсетуге дайын болуы тиіс.
39. Санитариялық
авиация қызметін шақыру мемлекеттік денсаулық сақтау
ұйымдарының сұранысы негізінде жүзеге асырылады. Жедел
жағдайлар кезінде (жол көлік оқиғалары, бақытсыз
жағдайларда) санитариялық авиацияны шақыру, сондай-ақ
медициналық қызметкерлермен, зардап шегулершілермен және
оқиға куәгерлерімен жүзеге асырылады.
40. Санавиация
қызметіне медициналық ұйымдардан сұраныс келіп
түскенде диспетчер:
санавиация
бөлімі меңгерушісімен, қажет жағдайда бейінді маманмен
байланыс орнатады;
шұғыл,
жедел мамандандырылған және жоғарғы
мамандандырылған медициналық көмек көрсететін
қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі
медициналық ұйымдарға жіберілетін пациент туралы ақпарат жеткізеді;
жіберуші мен
қабылдаушы ұйым арасында қажет болғанда байланыс
орнатады.
санитариялық
авиакөліктің дұрыс орналаспаған жерге бригадаларды жеткізуді
ұйымдастырады;
қабылдаушы
медициналық ұйымға пациенттің, босанушының немесе жәбірленушінің
жеткізілуін, бригаданың белгіленген орынға жеткізілуі туралы
мәліметке сұрау салады.
41. Санавиация бөлімшесінің
меңгерушісі:
ауру сипатын, науқастың
немесе босанушының жағдайын нақтылайды.
қажет
жағдайларда науқасты, босанушыны және жәбірленушіні
тасымалдауға нұсқауларды,тасымалдау уақытында
қосымша жабдықтар қажеттілігін, қабылдаушы
республикалық ,облыстық, қалалық ұйымдарды
анықтайды.
тасымалдауға
кері көрсеткіштер болған жағдайда (ауру ағымы мен
ауырлығын тереңдететін дәрігерлер консиллиумымен
анықталған жағдайлар-шоктың барлық түрлері,
жедел жүрек жетіспеушілігі,тұрақсыз гемодинамика, жалғасқан
қан кетулер т.б.) баратын орынға көрсетілген
шұғыл және жедел медициналық көмек болжамалы
көлемін есепке ала отырып мамандандырылған мамандарды жеткізу
мақсатында бригадаларды құрастырады.
мамандарды немесе
науқасты белгіленген орынға тасымалдау түрлері туралы шешім
қабылдайды, шешім қабылдауда қашықтық, көліктік
магистральдардың жағдайын, қозғалыс интенсивтілігін, шұғыл
және жедел медициналық көмектің болжамалы көлемін
есепке алады;
санитариялық
автокөлік пайдаланатын жағдайда құралған
бригаданы белгіленген орынға жеңіл автокөлікпен, (орында
көрсетілетін медициналық жәрдем мен консультациялық көмек
көрсету үшін), санитариялық автомобильмен немесе
реанимобильмен (тасымалдау мақсатында) жіберіледі.
санитариялық
авиакөлікті пайдалану туралы шешім қабылдағанда,
ұшуға тапсырма құралып ауқымдық
авиациялық қызмет ұйымына хабарлайды.
қажет
болған жағдайда Республикалық Үйлестіруші
Орталықтың келісімімен республикалық деңгейдегі
санавиацияның мобильді бригадасын шақыртады.
шұғыл
медициналық көмектің әсерін жоғарылату
мақсатында Төтенше жағдайлар
қызметімен жұмысты үйлестіру мен шақыру
қажетттілігін анықтайды.
42.Санитариялық
авиацияның барлық бөлімдері тұрақты
қалалық және қалааралық байланыс телефонымен,
медициналық ұйымдармен, Ішкі істер министрлігімен, ТЖ жөніндегі
министрлікпен, Қорғаныс министрлігімен, Әділет министрлігімен,
авиакомпаниялармен байланысу үшін, сонымен қатар бригадалармен
радиобайланыс және навигациялық жүйемен қамтамасыз
етіледі.
43.
Санавиациялық бөлімдеріне қызмет көрсететін санитариялық
жердегі және авиакөліктер біркелкі ажыратушы белгілермен жарақтануы
тиіс.
44. Төтенше
жағдайлар кезінде санитариялық авиация бөлімдері
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
жөніндегі министрлігінің ауқымдық апат медицинасы орталығының бұйрығымен
әрекет етеді.
45. «Денсаулық
сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін
бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілері
мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6173 болып тіркелген) Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26
сәуірдегі №238 бұйрығына сәйкес санитариялық
авиация бөлімшелері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
органымен бекітілген нысандар бойынша есепке
алу – есептілік құжаттамасын жүргізеді.
46. Санавиация бөлімшелерінің штаттары денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті
органмен бекітілген тұрпатты
штаттар және штат нормативтерімен белгіленеді.